Асқазан обыры (рагі) онкологиядағы ең жиі тараған дерттердің біріне жатады. Асқазан обыры ерте сатыларында онша анық емес симптоматика иеленеді және оған көбісі назар аудармай, дәрігер онкологқа дерттің кеш сатыларында келеді.
Асқазан обырының алғашқы белгілері:
1. Кеуде клеткасының аумағындағы жағымсыз сезімдер. Мұның ауыру, ауырлық, керу сезімі немесе басқа да жайсыздық (дискомфорт) біліністері болуы мүмкін.
2. Ас қорыту бұзылыстары. Оған жиі кекіруді, қыжылды, асқазандағы ауырлықты, метеоризмді, кебуді және т.б. жатқызуға болады.
3. Жұту қиындықтары, яғни тағамның қиын өтуі.
4. Жүрек айну. Жүрек айнудың ас ішкеннен кейін пайда болуы және ұзақ уақыт кетпеуі мүмкін.
5. Құсу. Құсудың бір реттік немесе кезең сайын болуы ықтимал.
6. Нәжістегі қан. Асқазаннан қан кетудің тағы бір білінісі – нәжісте қанның болуы.
7. Ауыру. Ол шарт бойынша кеуде клеткасы аумағында орналасады, сондай-ақ оның жауырын тұсына немесе жүрекке берілуі мүмкін.
8. Жалпы симптомдар. Ісіктің дамуымен және метастаздардың пайда болуымен қатар жалпы белгілер: қаназдық (анемия), әлсіздік, салмақ жоғалту, тез шаршау және т.б. пайда болады.
Тымар Абдигазиевна КАЛЖАНОВА,
онкологиялық кабинет мейірбикесі,
“№5 қалалық емхана” ШЖҚ МКК
Сурет www.vitamax.biz сайтынан алынды
|