Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Артериядан қан кетудегі алғашқы көмек

Саусақпен қысу. Қанды шұғыл түрде тоқтау мақсатында артерияны сүйекке саусақпен қысу, егер бұл сан артериясы болса жұдырықпен басу жүргізіледі. Алайда саусақты ұстап тұру оңай емес, сондықтан сіз артерияны саусақпен қысқан кезде басқа адам резеңке артериалды бұрау, дәкелік сулықтарды және дәкені табуы тиіс.
Артериалды бұрама салу. Саусақпен қысқан тұсты оның астына дәкелік сулықтарды немесе мақтаны салып, артериалды бұраманы бірнеше рет орау керек.
Бұрама дұрыс салынса жарадан қан кету тоқтайды (алғашқы бұраудың өзінде) және бұрауды салған тұстан төменгі жерде тамыр соғысы білінбейді. Әлсіз бұрау тек қан кетуді күшейтеді.
Егер сіз бұраумен күре тамырды қыссаңыз, оның астына орауы ажыратылмаған дәке қойыңыз және паценттің тұншықпау жағдайын ойлаңыз.
Бұрау жазда 2 сағаттан, қыста 1 сағаттан аспайтын мерзімге арналып салынады. Сол үшін бұраудың астына уақыт көрсетілген қағаз қыстырыңыз. Одан соң ауру адамды шұғыл ауруханаға жеткізеді. Бұрау салған дене тұсын киіммен жабуға болмайды.

Роза Маханалиевна АЛЬЖАНОВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы

Сурет www.km.ru  сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (16.03.2015)
Просмотров: 1560 | Теги: артериядан қан кету, алғашқы көмек, Роза, альжанова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]