Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Артериалдық гипертензияның алдын алу

Артериалдық гипертензияның (АГ) дамуына ықпал ететiн көптеген факторлардың iшiнен мыналарды бөлiп қарастыруға болады:
- психо-эмоционалдық фактор;
- тектiк бейiмдiлiк;
- артық салмақ;
- дұрыс тамақтанбау (тұзды, холестеринi жоғары тағамдарды шектен тыс тұтыну);
- магнийдiң тапшылығы;
- 50 жастан асқан жас шамасы;
- созылмалы уыттанулар (шылым шегу, алкогольдi шектен тыс пайдалану);
- кәсiби зияндылықтар (шу, тербелiс, жанарды және зейiндi зорықтыру);
- бас сүйек-ми жарақаттары.
АГ-ның дамуындағы психо-эмоционалдық фактордың рөлi еш талас тудырмайды. Кеселдiң басталуын, асқынуын және криздердi көбiне стресстер шақырады. Сондай-ақ АГ-мен сырқаттанатын туыстары барларда кесел 5 есе жиi кездеседi.
Темекi тартатын және алкогольдi iшiмдiктердi шамадан тыс тұтынатын адамдарда мұндай зиянды әдеттерге бейiм еместермен салыстырғанда АГ-ның жиiрек нақтыланатыны дәлелденген.
Демек, жоғарыдағы айтқандарды ескерiп, негiзгi факторларды жоя отырып АГ-ның даму қауіпiн төмендетуге болады.

Анаркул Махметхановна ЖАРМАХАНОВА,
мейірбике,
ересектерге кеңес беру бөлімшесі,
облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы

Сурет old.zdorovie29.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (09.03.2015)
Просмотров: 912 | Теги: жармаханова, АГ, анаркул, алдын алу | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]