Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Аллергиялық контактты дерматиттер

Аллергиялық контактты дерматиттер терінің күйіп ауыруымен, қышумен және сыртқы тітіркендіргіштермен қайталап жұғысуда қызарудың, ісінудің пайда болуымен сипатталады. Егер контакт қысқа мерзімді болса, кесел бірнеше күнге созылады, аллергендермен ұзақ және жиі контакттарда – көптеген айлар мен жылдарға ұласады. Мысалы, балада химиялық заттардың – памперстің құрамдас бөліктерінің әсер етуінен аллергиялық дерматиттің туындауы немесе түбектің синтетикалық материалдарына сенсибилизацияда мықындардағы түбектік дерматит деп аталатынның пайда болуы мүмкін.
Кеселдің жедел түрінде терінің ашуы, қызаруы және ісінуі, қызару (эритема), түйіндер (папулалар), көпіршіктер (везикулалар), эпидермис ақаулары – жалақтар (эрозиялар), қабыршақтар, түлеулер пайда болады. Созылмалы үдерісте (процессте) тері түйіндермен жабылады, түлеуі мүмкін, тері суретінің күшеюі (лихенизация), қасулар (экскориация) тән.
Аллергиялық дерматит тек сезімтал (сенсибилизирленген) адамдарда ғана пайда болады.  

Сауле Ануаровна ТАЖМАГАМБЕТОВА,
мейірбике,
“облыстық тері-венерологиялық диспансер” ШЖҚ МКК

Сурет med-therapia.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (06.04.2015)
Просмотров: 1569 | Теги: сенсибилизация, аллергиялық контактты дерматит, сауле, тажмагамбетова | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]