Көп адамдар алкогол ішуді психоэмоционалдық кернеуді алып тастау, босаңсу мен көңіл-күйді көтеру тәсілі деп есептейді. Статистика бойынша улану нәтижесіндегі леталдық оқиғалардың 50%-тен астамы алкоголмен және оның суррогаттарымен улану барысында туындайтынын көрсетеді.
Алкоголдік уланудың белгілері:
- өзіне сын көзбен қараудың жоқтығы және өз мүмкіндіктерін асыра бағалау;
- қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, зейін қою ауытқулары;
- қатты шыққан, байланысы жоқ және анық емес сөз;
- сау кезде бақылауда тұратын инстинктердің жүгенсіздігі (жыныстық, тағамдық және т.б.);
- тамыр соғысының баяулауы – минутына 60 соғудан аз;
- беттің қызаруы, тершеңдіктің күшеюі;
- жүрек айну және құсу.
Егер алкоголді тұтынуды тыймаса, улану белгілері ушығады және алкоголдік команың туындауы мүмкін. Адам естен танып, дене температурасы төмендейді, қарашықтары кішірейеді. Еріксіз зәрге шығу мен дефекацияның, молынан құсудың пайда болуы мүмкін.
Алкоголдік уланудың алғашқы белгілері пайда болғанда зардап шегушінің асқазанын жуу қажет. Егер адамның есі сақталса оған бөлме температурасындағы қайнаған судың бірнеше стақанын ішкізіп, механикалық жолмен құстыру керек. Асқазанды құсық массаларының орнына таза су шыққанша жуады. Қарынды жуудан кейін уланған адамға лимоны бар тәтті шәй, табиғи кофе немесе сүт, белсенді етілген көмір (адамның әрбір 10 келі салмағына 1 таблетка) ішкізеді. Зардап шегушінің қол-аяғына жылытқыш қойып, жылытады.
Егер адам естен танса, тез арада «жедел жәрдем» шақыру қажет.
Майра Бердібекқызы ФАЗЫЛОВА,
№5 наркологиялық бөлімше мейірбикесі,
«облыстық наркологиялық орталығы» ШЖҚ МКК
Сурет www.romashkovo.org сайтынан алынды
|