Алкоголизмнің алдын алу – бұл адамдардағы спирттiк iшiмдiктерге патологиялық тәуелдiлiктi жоюға бағытталған шаралар кешенi.
Мұндай профилактиканың негiзгi тәсiлi – алкогольдiң организмге әсерiн, алкогольдiк тәуелдiлiк себептерiн, алкоголизм симптомдарын түсiндiру жұмыстары, сондай-ақ спирттiк iшiмдiктерге терiс көзқарас қалыптастыру.
Профилактикаға сондай-ақ спирттiк iшiмдiктердi өндiру, сату және тұтыну бойынша шектеулер қою, сонымен қатар араққұмарлықтың дамуымен күреске бағытталған мемлекет, медицина мекемелерi, психологтар, отбасы мен мектеп тарапынан шаралар жатады.
Әсiресе жасөспiрiмдердегi араққұмарлықтың алдын алу маңызды. Жастармен олардың әлi қалыптасып болмаған организмi мен миына алкогольдiң терiс әсерi туралы әңгiмелер және дәрiстер өткiзiледi.
Мұнда әр түрлi насихаттық материалдар пайдаланылады. Жастар алкогольдiң зиянды әсерлерi ғана емес, сонымен қатар заңдарды және оны бұзғандағы жазаларды да бiлуi тиiс.
Гулсара Тулегеновна МУХТАРОВА,
мейірбике,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК,
Сурет xn--80aaccdhusn7aaftgr1dzf.xn--p1ai сайтынан алынды
|