Алкоголизм профилактикасында зиянды әдеттен бас тартып және өзiнде емдеуден өтуге күш-жiгер тапқан адамдармен жұмыс iстеу ерекше мән иеленедi. Адамның қалыпты өмiрге толығымен қайтып оралуы үшiн оның нерв жүйесiн қалыпқа келтiру, болуы мүмкiн дау-жанжалдардың алдын алу және наркологиялық стационарда жүргiзiлетiн рецидивке қарсы терапияның кезеңдiк курстарынан өту керек.
Емделген адам мен оның отбасы мүшелерi бұрынғы маскүнемнiң сау өмiрiне зияны тиетiн жағдаяттардың, оқиғалардың болуы мүмкiн екенiн есте ұстаулары қажет. Сондықтан рецидивтердi болдырмау үшiн отбасында тыныш жағдай жасап, бұрынғы бөтелкелес достарымен кездесуден мүлдем бас тартқан жөн.
Өмiрдi жаңа парақтан бастау және iшу арандатуына ермеу үшiн мүмкiндiк болып жатса жұмыс орнын, тiптi тұрғылықты мекен-жайын өзгерту артық етпейдi. Бұрынғы науқастың бос уақыты пайдалы iстерге және тiрлiктерге толы болуы керек.
Емделген сырқаттағы алкоголизм профилактикасына iшкi ағзалар кеселдерiн – гепатиттi, гастриттi, панкреатиттi және басқаларын емдету де жатады.
Жанат Талгаповна АБУОВА,
мейірбике,
№1 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК
Сурет alko03.ru сайтынан алынды
|