Алкогольді азық-түлік деп есептеу қателесу. Адам организмі үшін алкоголь у болып табылады. Оған қоса алкоголь есірткі. Яғни ол тағы және қайталап ішу тілегін шақырады.
Алкогольді ішімдіктерді ұдайы тұтыну созылмалы, үдемелі және өлімге душар ететін кеселді – алкоголизмді шақырады. Көптеген маскүнемдер қосымша аурулардан емес, дәл осы алкоголизмнен дүниеден өтеді.
Ми – алкогольдің қатерлі әсеріне бірінші тап болатын ағза. Алкоголь әмбебап ерітінді болғандықтан қанға түскен кезде оны ұюға мәжбүрлейді. Этилді спирт қан торшаларының майлы қабығын ерітеді, сол себепті ол бір-біріне жабысып, ми мен көз қан тамырларын бітейтін түйірлерге айналады. Тіндердің оттегілік ашығуы мен өлуі басталады.
100 грамм арақ ішкенде мидың бірнеше мың торшасы өледі. Өлі торшалар зәрмен бірге келесі күні сыртқа шығады.
Жүрекке түскен этилдік спирт оның да тіндерін күйретеді. Жүрек майлы тінмен жабылып, оның қызметі нашарлайды.
Алкогольдің әсерінен бауыр торшалары өліп, оның орнын май мен дәнекер тін басады. Бауырды май басып – гепатоз, одан соң цирроз, кейін рак пайда болады.
Алкоголь ұйқы безіне, аталық және аналық безге де өз зиянын тигізеді.
Мирамкуль Амирбековна ТАНСЫКОВА,
мейірбике,
№1 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК
Сурет yaushev.com сайтынан алынды
|