Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Алкогольдік тәуелділіктің сатылары

Бірінші саты (ұзақтығы 1 жылдан 4-5 жылға дейін). Өзгерген реактивтілік синдромы: спирттік ішімдікті көтере алудың 4-5 есе өсуі, жоғары дозаларды күнделікті қабылдап алу қабілеті, мастану кезінің жеке эпизодтарын ұмыту (палимпсестер).
Психикалық тәуелділік синдромы: спирттік ішімдік туралы ұдайы ойлар, ішу алдындағы көңіл-күйдің көтерілуі, сау кезде қанағаттанбау сезімі. Елігу әлі де бақылауға көнеді. Физикалық (денелік) тәуелділік жоқ.
Екінші саты (ұзақтығы 5-15 жыл). Өзгерген реактивтілік синдромы: спиртті ішімдікті барынша (максималды) көтеру; мас болу күнделікті, үзілістер сыртқы жағдайлармен түсіндіріледі (ақшаның болмауы, кикілжіңдер, даулар) және жалған (псевдо) салынып ішудің кезеңділігін еске салады.
Палимпсестері мас болудың соңындағы толық амнезиямен алмасады. Психикалық тәуелділік, денелік тәуелділік синдромдары болады.
Үшінші саты (ұзақтығы 5-10 жыл). Спирттік ішімдікті көтеру төмендейді. Көп күндік мастық психофизикалық сарқылумен аяқталады (шынайы салынып ішу). Одан арғы бірнеше күннен бірнеше айларға дейін алкогольдік ішімдіктен тежелу болады.
Денелік тәуелділік синдромы: кедергісіз елігу науқастың өмірін анықтайды, мөлшерін бақылау жоғалады, кейде өлімге жетелейтін  доза ішіледі. Жағдаяттық бақылау жоғалады (яғни, сыни көзқарас жоқ).

Роза Пауадиновна ЖАНДИЛДАЕВА,
мейірбике,
№6 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет blogopsy.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (11.03.2015)
Просмотров: 1244 | Теги: алкогольдік тәуелділік, палимпсестер, сатылары, жандилдаева, Роза | Рейтинг: 4.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]