Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Алкогольдік психоз (ақ қызбалық)

Созылмалы алкоголизмнің ағымында, бас жазу синдромы басталғаннан кейінгі 5 жылдан ерте емес мезгілде өз біліністері мен ұзақтығы бойынша сан алуан психоздар пайда болады.
Ақ қызба (delirium tremens) әдетте бас жазу фонында, мас болуды кенет тыйғанда немесе тежелу кезеңінде, соматикалық кеселдер, жарақаттар (әсіресе сынықтар) қосылғанда пайда болады.
Психоздың бастапқы симптомдары түнгі ұйқының нашарлауы, вегетативтік симптомдардың және дірілдің (тремордың) пайда болуы, қозғалыстағы, сөйлеудегі, мимикасындағы жандану болып табылады.
Ақ қызбалыққа шынайы көру галлюцинациялары тән. Бұл көбіне насекомдар (бүргелер, тарақандар, қоңыздар, шыбындар) және ұсақ жануарлар, мысықтар, егеуқұйрықтар, тышқандар). Ірі жануарлар мен адамдар сирек көрінеді. Жыландарды, шайтандарды, сондай-ақ өлген туыстарын көру жиі болады.
Кейде есінеу, тактилді, иіс сезу галлюцинациялары болады. Науқастар үздіксіз қозғалады. Көңіл-күйлері тез құбылмалы. Қорқынышта, үрейлі елестерде науқас тығылады, қорғанады, кернеулі күйде болады.

Алима Жайылкановна РСАЛИЕВА,
мейірбике,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет www.syl.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (11.03.2015)
Просмотров: 1048 | Теги: рсалиева, Delirium tremens, алима, алкогольдік психоз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]