Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Алкогольдік мастануды сараптау

Сараптау жұмысында көбiне арақ, сыра сияқты алкогольдік ішімдіктерді ішкендерді куәландыру жасалады. Алкогольдің негізін этильдік спирт құрайды. Сол себепті қандағы, зәрдегі және сыртқа шыққан демдегі ауаның құрамындағы алкогольді аспаптық және зертханалық анықтауға мүмкіндік бар.
Адам организмінде болатын ішкі (эндогендік) алкогольдің мөлшері 0,01%-0,03%-тен аспайды.
Алкогольдік мастануға байланысты куәландыруға жеткізілген азаматтарға алкогольдің әсері жоқ немесе аздаған ықпалы бар, жеңіл, орташа және ауыр мастану қорытындылары беріледі.
Жеңіл мастануда қандағы алкоголь 0,5-1,5 промиле, орташа дәрежедегі мастануда 1,5-2,5 промиле, ауыр мастықта 2,5-3,0 промиле аралығында болады. Алкоголь мөлшерінің 3,0-5,0 промиле аралығында болуы ауыр улануға жетелеп, адамның қайтыс болуы мүмкін.
Алкогольге куәландыруды “Алкометр” жабдығы арқылы жүзеге асырады. Оған қоса зәрден және қаннан алкоголь мөлшерін анықтау жүргізіледі.
Дәрігер нарколог бұл көрсеткіштермен қатар алкогольдік мастану клиникасының белгілерін де ескереді.      

Гулаим Жолдасбековна ДЖУСУПОВА,
мейірбике,
қабылдау және сараптау бөлімшесі,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет 1avtorul.ru сайтынан алынды

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (11.03.2015)
Просмотров: 1166 | Теги: алкометр жабдығы, алкогольдік мастану, джусупова, гулаим, дәрежелері | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]