Алкогольдiк делирий (ақ қызбалық) – спирттiк iшiмдiктi шектен тыс тұтынумен сабақтас психоз. Пациенттер ұдайы қозғалыста болады және бiр эпизодтағы басты галлюцинациялар мен аффектерге сәйкес бiрдемемен “айналысады”. Ақ қызбалықта сырқаттарды қорқыныш, үрей билеп алады, олар жүгiредi, жасырынады, қорғанады, үстерiнен жәндiктердi қағып түсiредi, әлдененi аузынан суырады немесе маңғаз түрде бұйрық бередi, жасырын және анық әңгiмелесушiлермен сұхбаттасады, бiр жаққа кеткiсi келедi.
Мейiрбикелiк үдерiстер:
1. Бұл кеселдiң артериалды қысымды елеулi төмендетуiне, жүрек-қан тамыр қызметiн нашарлатуына, нәтижесiнде леталдық оқиғаның болуы мүмкiндiгiне байланысты қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын бақылау;
2. Сырқаттың есiнiң бұзылуына байланысты оны ұдайы қадағалау, оқыс қылықтарға баруына жол бермеу;
3. Көру және есiту галлюцинацияларының сипатын жазу, бұл туралы дәрiгерге хабарлау;
4. Сырқаттың психоз жағдайында болатынын ескерiп, оның жүрек-қан тамыр жүйесiндегi өзгерiстерге жете мән беру;
5. Науқастың психикалық жай-күйiн динамикада қадағалау.
Нургуль Жаксыбаевна БАЗАРОВА,
мейірбике,
№4 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК
Сурет alkozaur.ru сайтынан алынды
|