Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Алкогольдік делирий кезіндегі мейірбикелік тактика

Алкогольдiк iшiмдiктi шектен тыс тұтыну зардабының бiрi – алкогольдiк делирий. Бұл кезде сананың жедел иллюзорлық-галлюцинаторлық күңгiрттенуi болады. Науқас қай жерде тұрғанын бiлмейдi, күн мен түндi ажырата алмайды, болып жатқандардың мағынасын түсiнбейдi, айналасындағылардан үрейленiп, қауiптенедi.
Мейiрбикелiк тактика:
1. Емдеушi немесе кезекшi дәрiгердi шақыру. Ол диагнозды нақтылау, емiн тағайындау, одан арғы әрекеттi шешу үшiн қажет.
2. Науқасты байлап тастау – қажеттi нұсқауларды орындау, пациенттiң өзi мен айналасындағылар үшiн қауiптi мiнез-құлықтың алдын алу үшiн керек.
3. Сырқаттың соматикалық және психикалық жай-күйiндегi өзгерiстердi дер кезiнде аңғару мақсатында ұдайы бақылау.
4. Коллапсты, басталып келе жатқан өкпе қабынуын, ми iсiнуiн, жүрек-қан тамыр тапшылығын дер кезiнде анықтау мақсатында тыныс алу ырғағын, тамыр соғысын бағалау, қан қысымын және дене температурасын өлшеу.
5. Байланған науқаста терi ойылуының болмауын қадағалау.

Жамал Акниетовна ЖАДИЕВА,
мейірбике,
№1 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет prozavisimost.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 1129 | Теги: мейірбикелік тактика, жадиева, жамал, алкогольдік делирий | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]