Алкогольдік делирийде лағу үзілмелі және оны галлюцинаторлық ауытқулар сипаттайды. Мазмұны бойынша бұл көбіне ізіне түсу лағуы. Науқастар мекен-жай және өз тұлғасы бойынша жалған бағдарланған (ауруханада жатып “үйдемін”, “мейрамханадамын”, “жұмыстамын” дейді).
Алкогольдік делирийге психикалық ауытқулардың басым бөлігінің уақытша жоғалып кетуі тән. Мұны люцидтік – жарқын – аралықтар деп атайды, сондай-ақ психоз симптомдарының кешке және мүлде анық күшеюі заңды.
Делирий әр түрлі соматикалық бұзылыстармен, қалтыраумен, мол терлеумен, тері жамылғыларының гиперемиясынан білінеді.
Науқастарда өз бетінше қолдардың дірілдеуімен бірге жалпы тремор, сенімсіз тұрақсыз жүріс, танып білу қиын қолтаңба, түсініксіз сөз пайда болады. Психикалық бұзылыстармен қатар сомато-неврологиялық ауытқулар: бет терісінің қызаруы, мол терлеу, жүрек қағуы, артериалдық қысымының құбылуы, жедел токсикалық гепатит немесе цирроз байқалады. Кейде психоз кезінде эпилептикалық құрысулар көрініс береді. Делирий әдетте емдеусіз 3-5 тәулікке созылады. Ауыр қосымша соматикалық бұзылыстарда 10 күнге дейін болады.
Алтынай МАМАНОВА,
аймақтық мейірбике,
диспансер бөлімі,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК
Сурет pyanstvu-net.ru сайтынан алынды
|