Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Әйелдің араққұмарлығы

Әйелдің араққұмарлығы еркектердікі сияқты бірден көзге түспейді. Оған қоса қоғам әйелдің алкогольге құмарлығын кесел ретінде емес, ұят қылық сияқты қарастырады. Сондықтан көптеген әйелдер ішімдікке деген өз тәуелділігін жасырып, оңашада ішеді. Әйел маскүнемдігінің негізінде психологиялық астар жатыр. Өйткені биологиялық тұрғыда әйелдер еркектерге қарағанда барынша эмоционалды, олар өмірлік қиындықтарға өткірлеу реакция береді және торығуға (депрессияға) жиірек түседі.
Әйел араққұмарлығының негізгі себептері:
1. Әр түрлі торығулар, невротикалық жай-күйлер;
2. Жалғыздық сезімі (күйеуімен келісе алмау, жесірлік), туыстарын жоғалту, өзін құрбандыққа шалу (отбасы үшін жұмысын тастады, отбасы ошағы үшін біраз нәрсе жасады, алайда күйеуі көзіне шөп салды). Өкпе, «қажетсіздік» сезімі, «бақытсыздық», моралдық қолдаудың жоқтығы;
3. Зерігу (бәрі жақсы, айналысар шаруа жоқ);
4. Толыққанды отбасын құра алмау. Мысалы, ұдайы бос уақыты жоқ бизнеспен айналысатын әйел жұмысқа жан-тәнімен беріліп, өз жеке отбасын құруға уақыт таппайды;
5. Мінез-құлық пен темперамент ерекшеліктері, генетикалық бейімділік;
6. Климакс және қосымша проблемалар.

Мирамкуль Амирбековна ТАНСЫКОВА,
мейірбике,
№1 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК

Сурет lisavika.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (01.07.2015)
Просмотров: 716 | Теги: мирамкуль, араққұмарлық, тансыкова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]