Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Әйелдің алкоголге тәуелділігі

Әйелдегі алкоголге тәуелділіктің үш сатысы бар:
1. Мөлшерлік бақылауды жоғалту. Спирттік ішімдікті қабылдаған әйел енді өзін тоқтата алмайды. Құрбыларымен бірге өткізген әрбір «отырыс», корпоративтік шара күшті мастанумен аяқталады.
2. Абстиненттік симптомның – бас жазу қажеттілігінің туындауы. Дені сау адам кездейсоқ «қатты сілтегенде» немесе алкоголмен уланғанда келесі күні тіпті алкоголдің иісінен жиіркенеді.
3. Алкоголсіз өмірде қуаныш сезімін жоғалту. Ішуге кез келген себеп іздейді, өзі жаңа дәлелдер тауып алады. Көбіне бұл сатыда салынып ішу пайда болады.
Әйелдің мас болуы тезірек өтеді. Тұтынылған спирттік ішімдіктің бірдей көлемінде еркектерге қарағанда әйелдің қанында алкоголдің концентрациясы анағұрлым жоғары.
Бұл үш себеппен түсіндіріледі:
 - Әйелдің организмінде еркекпен салыстырғанда су аз;
- Әйел денесінің массасы әдетте кем;
- Алкоголді ыдыратуға жауапты фермент әйел организмінде азырақ белсенді.
Әйел алкоголизмінің зардаптары:
1. Дауыстың дөрекіленуі, жағымсыз, олпы-солпы түр, қартаюдың мезгілінен бұрынғы белгілері (көз астының қалталануы, беттің ісінуі, әжімнің көптігі);
2. Тұлғаның алкоголдік өзгерістері – дөрекілік, озбырлық, өтірік айту, мазасыздану, жүйкесінің сыр беруі, менмендік. Отбасылық міндеттерден біртіндеп қашу, сексуалдық жүгенсіздік;
3. Есте сақтауды тұрақты жоғалту;
4. Организмнің физиологиялық жүйелерінің зақымдануы. Ең алдымен гинекологиялық проблемалар, бедеулік, нервтік және эндокриндік жүйенің жұтаңдығы, жүктілік кезінде ұрықтың зақымдануы.     

Рая Жолдасовна ИСКАКОВА,
наркологиялық кабинет мейірбикесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК
қарасты емханасы,
Жалағаш ауданы

Сурет eskulap-narkologia.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.07.2015)
Просмотров: 775 | Теги: рая, әйелдің алкоголге тәуелділігі, искакова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]