Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Әйелдегі кольпит кеселі

Кольпит – бұл қынаптың шырышты қабатының қабынуы. Оны кейде вагинит деп те атайды. Бұл негізінен ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде жиірек ұшырасады.
Кольпиттің қоздырғыштарының хламидия, микоплазма, стрептококк, стафилококк, гемофильдік таяқша және басқа жұқпалар болуы мүмкін. Кольпиттің дамуына мына факторлар әсер етеді: жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалар мен басқа инфекциялық аурулар, қынаптың шырышты қабатының механикалық зақымдануы, эндокриндік жүйе дерттері, антибиотиктерді ұзақ қабылдау, аллергиялық реакциялар (мүшеқапқа, шырағданға, жақпа майларға және с.с.), жеке гигиена ережелерін сақтамау.
Жедел кольпиттің белгілері:
- қынаптан шырышты-іріңді бөліністер;
- сыртқы жыныс ағзаларындағы қышу мен қызару;
- іштің төменгі бөлігіндегі ауыру;
- жыныстық акттегі және зәрге шыққандағы ауыру;
- жалпы хәлдің нашарлауы.
Кольпит ерекшеліктік және ерекшеліктік емес болып бөлінеді. Емін акушер-гинеколог дәрігер тағайындайды.
Кольпиттің алдын алу үшін кеселдің алғашқы белгілері байқалғанда дәрігерге дер кезінде қаралып және жеке гигиена талаптарын орындау керек.  

Нагима Ибрашевна АБИЛДАЕВА,
мейірбике,
гинекологиялық бөлімше,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Сырдария аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Тереңөзек кенті,
Сырдария ауданы

Сурет medside.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.04.2015)
Просмотров: 3228 | Теги: факторлар, белгілері, абилдаева, кольпит (вагинит), нагима | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]