Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Әйел нашақорлығы

Ғасыр індеті деп аталатын нашақорлық мемлекет шекарасын, адам нәсіліне, жас шамасына, жыныстық және басқа кез-келген белгілеріне қарамастан тағдырларын аяусыз сындырады. Бұл зиянды әдетке әйелдер де шалдығады, нәтижесінде адамзатқа қосарланған соққы беріледі. Әйелді өлтірген есірткі онымен қоса екінші өмірді (бәлкім одан да көп болар) жояды.
Әйел нашақорлығының бір ерекшелігі олар өз еріктерімен инеге сирек таңылады, көбіне бұларды өз серіктері жасайды. Алдымен қызға “дәмін татып” көруді ұсынады және алғашқы “дозасын” береді. Сөйтіп “қамқорлап” нашақорға айналдырады. Нашақор әйел, қыз жезөкшелікке бейім тұрады. Кейін ана ретінде өз баласын “нашақорға” айналдырады. Есірткінің кесірінен әйелдің организмінде көптеген елеулі проблемалар туындайды.
Әйелдегі нашақорлық ерекшеліктері:
- торығу (депрессия);
- ызақорлық;
- алаңдау;
- жеке өміріндегі сәтсіздік;
- кәсіби қажетсіздік.

Алима Жайылкановна РСАЛИЕВА,
мейірбике,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет www.elite-medicine.narod.ru  сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (11.03.2015)
Просмотров: 862 | Теги: рсалиева, әйел нашақорлығы, торығу (депрессия), алима | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]