Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Абстиненттік (ажырау) синдромындағы мейірбикелік үдеріс

Абстиненттiк (ажырау) синдромы созылмалы алкоголизмнiң екiншi сатысы бар науқастарда ұзақ салынып iшуден соң туындайды. Ол психикалық, вегетативтiк, неврологиялық және соматикалық бұзылыстармен сипатталады.
Сырқатта мынадай нақты және ықтималды проблемалар болады: титықтау, әлсiздiк, тершеңдiк, бас ауруы, бас айналу, жүрек соғуы, жүрек тұсының ауыруы, тәбеттiң жоғалуы, шөлдеу, метеоризм, ызалану, алаңдау, қол, қабақ, тiл дiрiлi, алкогольге белсендi құмарту, мазасыз ұйқы немесе ұйқысыздық, түнгi қорқыныш, кiнәлi сезiм, суициалдық ойлар. Мейiрбике осыларды негiзге ала отырып өз диагнозын және жақын мен алыс арадағы мақсатын қояды, әрекет жоспарын құрастырады.
Мейiрбикелiк көмек
- сырқатқа толық психикалық және денелiк тыныштық жағдайын қамтамасыз ету;
- науқасты жылы сөзбен тыныштандыру;
- дәрiгер нұсқаған дәрi-дәрмектердi енгiзу;
- сырқатты үзбей бақылау, қан қысымын, тамыр соғысын және тыныс алуын қадағалау;
- пациенттiң психикасы мен мiнез-құлқының бұзылуын ескерiп шұғыл әрекеттi қажет ететiн жағдайларға әзiр болу.    

Райхан Сламқалиқызы ДОСАЕВА,
мейірбике,
уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК

Сурет vitaportal.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.04.2015)
Просмотров: 1079 | Теги: райхан, мейірбикелік көмек, абстиненттік (ажырау) синдромы, досаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]