Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жүректiң ишемиялық кеселiнiң белгiлерi

Жүректiң ишемиялық кеселi (ЖИК) өз бойына бiр және сол себеп шақыратын бiрнеше әр түрлi дерттердi жинайды. Мұның себебi – жүрек бұлшық етiн қамтамасыз етуге арналған оттегi тапшылығы. Ұзақ ағымы бар жүректiң ишемиялық кеселiнде бұл ағза ендi өз жұмысын қажетiнше атқара алмайды және организм түгелдей жапа шегедi.
Жүректiң ишемиялық кеселiнiң белгiлерi аурудың қандай түр қабылдауына байланысты өзгеруi мүмкiн. Науқастың жүректiң оттегi жетiспеуiнен жапа шегетiнiн байқамай өмiр сүруi де ғажап емес. Кеселдiң мұндай түрi симптомсыз деп аталады. Сырқат жәй ғана жүрек аумағында әлдебiр жайсыздық сезiнедi – ал бұл кардиологқа қаралуға себеп.
Жүректiң ишемиялық кеселiнің өршу және басылу кезеңдерiмен өтетiнiн есте ұстаған жөн. Науқас әлдебiр кезеңде дерттiң ешқандай белгiлерiн сезiнбейдi, ал кейiн белгiсiз құбылыстар қайтадан басталады.
ЖИК тез дамымайды. Оның белгiлерi дерт даму үдерiсiнде өзгеруi мүмкiн. Науқастың кесел өзiнен-өзi кетiп қалды деп ойлауы ықтимал, ал iс жүзiнде үдерiс басқа жолмен жүредi. Алғашында ЖИК симптомдары ретiнде тiптi сол қолдағы немесе астыңғы жақтағы ауыру болады, кейде ауыру арқа аумағына берiледi. Ауру адам бұрын болмаған тершеңдiктi, жүрек соғуын аңғарады.
Кесел симптомдарының төс аумағындағы азапты ауыру түрiнде көрiнуi мүмкiн. Бұл кеселдiң аса кең тараған формасы. Ауырудың азғантай жүк түсуде, қозу кезiнде, қоршаған орта температурасы күрт өзгергенде немесе тiптi тойып iшкен кешкi астан соң да пайда болуы мүмкiн. Мұндай ауырулармен бiрге көбiне ентiгу пайда болады, науқастың басының айналуы ықтимал. Ишемиялық кеселдiң бұл симптомдары қысқа, бес минуттен ұзақ емес ұстамаларға тән, бұл уақытта жүректе ешқандай патологиялық өзгерiстер болмайды, барлық тканьдер тiрi қалады.
Жүректiң ишемиялық кеселiнiң белгiсi жүрек соғу ырғағының бұзылуы болуы мүмкiн. Бұл кеселдiң аритмиялық түрi. Дерттiң мұндай түрiнде жыпылықты аритмия өте жиi дамиды.
Жоғарыда келтiрiлген белгiлердi орта дәрежелi кесел симптомдары деп атауға болады. Бiрақ бұл кеселдiң бiрден мүгедектiкке немесе өлiмге жетелеуi мүмкiн бiлiнiстерi де бар. Миокардтың жоғары деңгейдегi оттегiлiк ашығуында пациент миокард инфарктiмен аяқталатын кеуде аумағындағы күштi ауыруды бойдан кешiредi. Жүректiң ишемиялық кеселiнiң мұндай күштi ұстамасы жүрек бұлшық еттерi торшаларының iшiнара өлуiне жетелейдi. Мұндай ұстама ұзақтығының жарты сағатқа созылуы мүмкiн. Одан соң пациентте екi тәулiк бойына жоғары дене қызуы сақталады. Егер кардиограмма (ЭКГ) жасалса, ол миокард инфарктiне (МИ) тән суреттi көрсетедi.    

Гулнар Жаксылыкқызы УСЕНОВА,
облыстық медициналық орталық,
кеңес беру бөлімі,
терапевт дәрігер

Сурет www.likar.info сайтынан алынды

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (23.09.2014)
Просмотров: 1177 | Теги: Ми, жүрек ұстамасы, ЖИК, экг, Гулнар, усенова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]