Жұқпалы кеселдердің алдын алуға қарсы бағытталған шараларды індетке (эпидемияға) қарсы деп атайды.
Эпидемияға қарсы шаралар – тұрғындардың жеке топтары арасында инфекциялық дерттерді болдырмауды, науқастылықты төмендетуді және жекелеген инфекцияларды жоюды қамтамасыз ететін нұсқаулар жиынтығы.
Инфекциялық кеселдердің профилактикасының төрт негізгі әдісін қарастыруға болады. Олар:
- контактты шектеу
- иммунизациялау
- жұқпалардың химиопрофилактикасы: қоздырғыштың жұғуы мен өсіп-өнуінің бетін қайтаруға арналған дәрілік препараттарды қолдану
- адамдардың жұқпалы кеселдерге қарсылығын арттыру.
Контактты шектеу үшін науқастарды және жұқпаланған адамдарды оқшаулау керек. Мұны негізінен режімдік-шектеу шаралары өткізілетін үй, отбасы жағдайында жасауға болады. Кей жағдайларда контактта болған адамдарды бақылау (обсервация) және тіпті карантин енгізу қажет. Кейбір науқастар ауруханаға жатқызылады.
Жеке профилактика үшін жұқпалы дерттердің алдын алудың ең сенімді әдісі дер кезінде иммунизациялау болып табылады. Сол немесе басқа қоздырғышқа қарсы организмнің ерекшеліктік тұрақтылығын арттыру, яғни иммунитетіне әсер ету керек. Иммунизациялау активті және пассивті болады.
Кейбір кеселдердің алдын алу мақсатында антибиотиктерді немесе химиопрофилактиканы профилактикалық қолдану жүргізіледі.
Организмнің әр түрлі жұқпаларға тұрақтылығын жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау, ұтымды және толыққанды тамақтану, витаминизация, мүдделік бойынша адаптогендерді қолдану, мөлшерленген денелік жүктемелер және организмді тұрақты шынықтыру арттырады.
Урак КЕУБАСОВ,
инфекционист дәрігер,
"Амбулаториялық-емханалық қызметi бар
Қазалы аудандық орталық ауруханасы" ЖШҚ МКК
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
Сурет jhorosho.ru сайтынан алынды
|