Рахымжан Жұбатырұлы ӘЛІП,
Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары институты директорының сот-медицина мәселелері бойынша орынбасары
Бақытжан Болатұлы САДУОВ,
жалпы сараптама бөлімінің жетекшісі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы «Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы» №44-VI заңнамасының 13-бабының 1 тармақшасына сәйкес сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия жеке тұлғаларға берілетіні көрсетілген. Сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, қайта рәсімдеудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін бақылау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңында белгіленген.
Сот ісін жүргізуде процессуалды дәлелдеудің ғылыми-техникалық деңгейін жоғарылату, сот сараптамасында қылмыстық процесті жүргізетін органдардың мұқтаждығын қамтамасыз ету қажеттілігі сот-сараптама қызметін нығайту және тұрақтандыру жөнінде шаралар легін қабылдауға, оның одан әрі жеңілдірілуін қамтамасыз етуге себепші болды.
Осыған байланысты сот-сараптама қызметін дамытуға, жүргізілетін сараптамаларының түрлерін кеңейтуге, әдіснамалық базаны одан әрі жетілдіруге, қолда бар материалдық-техникалық базаны кеңейтуге және одан әрі жақсартуға, сараптама сапасын жоғарылатуға жаңа тұрғыдан қарауды, соның ішінде инновациялық технологияларды пайдалану мен сараптамалық әлеуетті арттыру арқылы айқындау міндеті қойылып отыр.
Сот-сараптама қызметі саласында сот ісін жүргізудің бүгінгі қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру мақсатында міндеттерді шешуге заманауй дайындық жасау, оның дамудағы жақындағы перспективаларын есепке ала отырып, жаңа сот сараптамалары түрлерін және сот сараптамаларын жүргізу әдістемелерін енгізу талап етілуде.
Сот сараптамасының өндірісі қылмыстарды тергеу ісіндегі, оларды жасаған жауапты тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту және әшкерлеудің негізгі құралдарына жатады.
Осыған байланысты Әділет министрлігі сот-сараптамасы қызметін жетілдіруді өзінің бұдан әрі дамытуының ең басты бағыттарының бірі ретінде белгілейді.
Сот сараптамасының сапасын арттыру «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039 Жарлығында да көзделген.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңесі және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің 2012 жылғы 21 маусымдағы өткен бірлескен отырысының хаттамасының 6-тармағына сәйкес облыс әкімдеріне қажетті талаптарға жауап беретін ғимарат пен сот сараптамасы органдарының құрылымдық бөлімшелерін қамтамасыз етуге көмек көрсету мәселелері көрсетілген болатын.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 31.12.2013 жылғы №720 санды Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау жүйесін ары қарай жаңғырту» туралы 2014-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының іске асыру жоспарының 126-, 129-шы пунктерінде жеке сот сарапшыларының институтын одан әрі дамыту мен ынталандыру жөніндегі мәселе мен жеке сот сарапшыларының палатасын құру жөніндегі мәселелер көзделген.
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау» туралы Заңы жеке тұлғаны лицензиялауға сүйене отырып мемлекеттік сектордан бөлек сот сараптама жұмысымен айналысуға құқық береді. Жеке сот сарапшылары көптеген сараптама түрлерін жасауға құқылы, тіпті мемлекеттік мекемелерде жасалмайтын сараптама түрлерін де. Олар соттың, құқық қорғау органдарының, құқық қорғаушылар мен азаматтардың сұраныстары бойынша сот сараптама қызметін жүргізуге қатыстырылады. Жеке сарапшыларға деген сұраныс қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әсіресе облыс орталығынан алшақ орналасқан аудандарда туындауда.
Қазіргі таңда Қазақстанда үш санаттағы азаматтар сот сараптама қызметін жүзеге асырады. Олар: сот сараптамасы органдарының қызметкерлері, сот сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын жеке тұлғалар, біржолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.
Жеке сараптама институты бәсекелестік аясын кеңейтіп, сот сараптама саласының дамуына ықпал етеді. Осы мәселелер туралы Заң жобасының тұжырымдамалық жаңалығы қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы азаматтар мен ұйымдардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға, жеке сот-сараптама қызметінің құқықтық негізін реттеуге, мемлекеттік сот эксперттерінің жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Сот сараптамасы қызметін ұйымдастыру Департаментінің бастамашылығы негізінде «Аутсорсинг» - ұйым келісім негізінде өнеркәсіптік кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрлерін немесе функцияларын қажетті салада жұмыс жасайтын басқа компанияға беру «лицензия негізінде сараптама жүргізетін сарапшылардың қызметін дамытуда сарапшылардың қатысуымен жеке сарапшылардың жұмысын насихаттау, жандандыру» болып табылады.
Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалар институтының 3 сарапшысы лицензия негізінде тәуелсіз сарапшы болып жұмыстар атқаруда.
Аталған тәуелсіз сарапшылар 2019 жылы
1) жол көлік оқиғасы сот сарапшысы - 19,
2) медициналық-криминалистика сарапшысы - 196,
3) нарколог сот сарапшысы - 84 сараптама жүргізіп қорытынды берген.
Сонымен қатар «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының сот сарапшылар республикалық палатасы құрылып, палата мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қызметін үйлестіру, сондай ақ олардың Қазақстан Республикасының сот сараптама қызметі туралы заңнамасын сақтауы үшін құрылатын коммерциялық емес, кәсіби өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Осы негізде ҚР Сот сарапшылар Республикалық палатасының Оңтүстік аймақ бойынша филиалы құрылып, аталған филиал Шымкент қаласында орналасты. Бұл филиалға жоғарыда аталған тәуелсіз сарапшылар жарналарын төлеп, мүше болып кірген палатаның негізгі мақсаты жеке сот сарапшыларының жұмысын үйлестіру, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап нәтижелі жұмыстар атқару көзделген.
Ойымызды түйіндей келе, жергілікті аумақтық институт сарапшылары жүктемелерінің шамадан тыс артуы кезінде, сараптаманы жасауды облыс орталығынан шалғайдағы сарапшылар тапшы аудандарда сараптама жұмысының сапасын жақсарту және сарапшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында лицензия негізінде сараптама жүргізетін жеке сот сарапшыларға беруге болады. |