Құтыру – жедел жұқпалы дерт. Оны әдеттегі микроскоптан көрінбейтін сүзгіленетін нейротропты вирус шақырады. Ол ауру жануардан сау жануарға сілкей арқылы тістегенде, қапқанда беріледі. Адамдар, үй жануарлары, оның ішінде құстар ауырады.
Табиғи жағдайда кесел көбіне бұғыларда, борсықтарда, қара құйрықтарда, түлкілерде, аюларда, қояндарда, иттерде, мысықтарда, тиындарда және басқа жануарларда кездеседі. Кеселдің жасырын кезеңі – 10 тәуліктен 1 жылға дейін. Оның ұзақтығы тістелу, қабу орынының орталық нерв жүйесінен (ОНЖ) қаншалықты алыс орналасқанына және жара сипатына байланысты болады.
Жануарлардағы құтыруға тән белгі – олардағы үрекектік және долдануға дейінгі анық білінетін тітіркену. Ауру иттер, мысықтар және басқа жануарлар еш себепсіз адамдарға және басқа жануарларға шабады, тістейді, жеуге жарамайтын заттарды жейді, өз терісін зақымдайды, қашуға ұмтылады.
Иттерде қырылдаған үру, құрысулар, жұту және шайнау мускулатурасының салдануымен алмасатын қиналыспен жұту, теңселіп жүру, артқы аяқтарының параличі, судан қорқу белгілері болады. Өлім 4-6 күннен кейін туындайды. Құтырудың тыныш түрінде жануарлар тамақты жұта алмайды, өлімге жетелейтін жалпы салдану пайда болады.
Құтыруға қарсы шаралар
- ауру және кеселге күдікті жанураларды оқшаулау немесе көзін жою;
- өлекселерді ветеринарлық қызметкер келгенше жануар тиіспейтін жерде сақтау (әсіресе кеміргіштер үшін), бірақ 2 тәуліктен астам емес, одан соң жануар өлігін көметін жерге 2 м-ден кем емес тереңдікке көму;
- зарарланған орынды формалиннің 2 проценттік ерітіндісімен немесе қайнаған ыстық сумен зарарсызданыру;
- ауру жануардың сілкейімен ластанған киімді жуу, қайнату және ыстық үтікпен үтіктеу;
- жануар, мал тістеген барлық адамдарды жақын маңдағы санитарлық-эпидемиологиялық стансаға немесе құтыруға қарсы егу үшін медициналық мекемелерге жолдау.
Сурет vet-na-dom.by сайтынан алынды
Ербол Елтайұлы НҰРҒАЛИЕВ,
зоолог маман,
Қызылорда обаға қарсы күрес стансасы,
Жосалы обаға қарсы күресу бөлімшесі,
Қармақшы ауданы
|