Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жануарлардағы аусыл індеті

Аусыл - адамға берілетін қос тұяқты жануарлардың жедел вирустық індеті. Жануарлар оны ауру жануарлардың боқтықтарымен ластанған жем және су арқылы жұқтырады. Қоздырғыш қарын-ішек жолдарына, одан соң қанға енеді. Адам аусыл вирусын ауру малдарға күтім жасағанда: қолдың терісіндегі тырнаулар мен сызаттар, көздің, мұрынның шырышты қабықтары арқылы, ауру малдың піспеген сүтін тұтынғанда жұқтырады.
Аусыл вирусы сыртқы ортаға жануардың сілекейімен, зәрімен және нәжісімен бөлінеді, жайылымды, фермаларды, суаттарды ластайды және сау жануарлардың ауру жұқтыруының себебіне айналады. Мал бағатын шаруашылықтарда алғашқы ауру мал анықталғанда карантин орнатылады. Бұл кезде малдардың, сүрлемдердің, жемдердің, мал бағатын көлік пен адамдардың қозғалысына тиым салынады.
Барлық науқастар жүйелі қаралады. Ауру малдарды оқшаулап, емдейді және мал тұрған орын мен ауру малмен және оның бөліністерімен жанасатын барлық заттарға зарарсыздандыру (дезинфекция) жасалады. Малдың қиын заласыздандырады. Сауыққан малдардың денесін және әсіресе тұяқтарын сілтінің 1-2 проценттік ерітіндісімен мұқият жуғаннан соң табынға қосылуға жібереді. Ауру малдармен контактта болған сау малдарға профилактикалық егулер жасалады.
Малға күтім жүргізетін адамдар арнайы киіммен жұмыс істеп, жеке бас гигиенасы ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
     
    

Сурет www.sakha.gov.ru сайтынан алынды

Ербол Елтайұлы НҰРҒАЛИЕВ,
зоолог маман,
Қызылорда обаға қарсы күрес стансасы,
Жосалы обаға қарсы күресу бөлімшесі,
Қармақшы ауданы

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (08.02.2015)
Просмотров: 1238 | Теги: аусыл, нұрғалиев, ербол | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]