Вертебро-базилярлық тапшылық (ВБТ) – омыртқалық және негізгі артериялар қоректендіретін аумақтардың қанмен қамтамасыз етілуінің азаюы шақыратын ми қызметінің қайтымды бұзылысы.
ВБТ себептері
1. Ең алдымен күре қан тамырларының стенозирлеуші зақымдануы;
2. Қан тамыр ағысы құрылысының туа бітті ерекшеліктері;
3. Артериалды гипертензияның, қант диабетінің фонындағы микроангиопатия ВБТ туындауының себебі болуы ықтимал (ұсақ ми қан тамырларының зақымдануы);
4. Омыртқааралық артерияларды патологиялық өзгерген мойын омыртқаларының қысуы. Бұл спондилезде, спондилолистезде, остеофиттердің елеулі өлшемдерінде кездеседі;
5. Омыртқаның мойын бөлігінің жедел жарақаты.
Кесел белгілері:
- көру бұзылыстары;
- статика мен қозғалыс үйлесімінің (координациясының) ауытқулары;
- вестибулярлық бұзылыстар;
- жұтқыншақтық және кеңірдектік симптомдар;
- бас ауыруы;
- астениялық синдром;
- вегетативтік-қан тамырлы дистония;
- өткізгіштік симптомдар (пирамидалық, сезінулік).
Бұл симптомдық кешен вертебро-базилярлық бассейндегі қан айналымының жетіспеушілігі бар пациенттердің көбісінде кездеседі. Әдетте олар қысқа мерзімді және кейде өз бетінше кетіп қалады.
Емі.
ВБТ бар пациенттердің басым бөлігі амбулаториялық жағдайда консервативтік ем алады. Жедел пайда болатын ошақтық неврологиялық тапшылығы бар науқастардың неврологиялық стационарға жатқызылу қажеттігі есте болуы тиіс.
ВБТ бар сырқаттарды емдеу үшін антигипертензивтік бұйымдармен және антиагреганттармен қатар вазодилататорлар тобының препараттары қолданылады.
Пирацетам, церебролизин, актовегин, семакс, глицин және т.б. препараттар емге нұсқалады.
Сонымен бірге физиотерапия, рефлексотерапия, емдік гимнастика пайдаланылады.
Куралай Мырзамуратовна ИЛЬЯСОВА,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет www.osteofamily.ru сайтынан алынды
|