Жұлын жарақатының (ЖЖ) өткір кезеңінде организмде өтетін клиникалық-физиологиялық ауытқулар жеткілікті толық зерттелген. Бұл науқастардың қарқынды терапиясы мен анестезиологиялық құрал тәсілдері де ойлап табылған.
Қазіргі кезде вегетативтік дисрефлексия синдромы (ВДС) деп аталатын патология 1917 жылдан бері таныс болғанымен, соңғы 10-15 жылда ғана белсенді зерттеле бастады.
Кейбір шет елдік ғалымдардың деректері бойынша ЖЖ бастан кешірген науқастарда 48%, тетраплегиясы бар сырқаттарда 85%-інде ВДС ұшырасады.
ВДС Тһ 6 сегментінен жоғары және Тһ 10 сегментінен төмен аумақта жұлын үзілгендегі жарақаттан кейін бірнеше апта немесе айлардан соң дамиды.
Синдромның симптоматикасы пароксизмалдық гипертензиядан (қан қысымының – ҚҚ 300 ммсынбағ және одан жоғары көтерілуі), бет гиперемиясынан, тершеңдіктен, брадикардиядан (1 минутте жүректің 30 жиырылуына дейін), естен танудан кейде оның құрысу ұстамасымен бірге болуынан құралады.
Ұстама ұзақтығы бірнеше ондаған секундтан бірнеше минутқа дейін. Бұл уақытта мидағы немесе коронарлық (жүректік) қан айналымының бұзылуы, яғни нейрогендік өкпе ісінуі, жүрек алды фибрилляциясы дамуы мүмкін. Аталған апаттардың біреуінің науқастың тікелей қайтыс болуына себепші болуы ықтимал.
Қан айналуы қалыпқа келгеннен кейін науқастар әлі де бас ауруына, дел-салдыққа шағымданады.
ВДС-нан жапа шеккендерді емдеуде 2 кезең қарастырылады:
1 - пароксизмнің бетін қайтару;
2 - демеуші терапия.
ВДС-ы бар науқастардағы анестезиологиялық құрал қолданудың өз ерекшеліктері болады. Біріншіден, ВДС пароксизмі кезінде тек шұғыл өмірін сақтап қалуға бағытталған операциялардың жасалуы тиіс (цистолитотомия немесе литотрипсия және басқалары).
Екіншіден, егер операция зақымдану деңгейінен төмен аймақта жасалса, онда анестезиологтың басты міндеті ВДС пароксизмі дамуының алдын алу үшін вегетативтік рефлекстерге блокада жасау болып табылады.
Нурсауле Козытаевна АБУОВА,
анестезиолог-реаниматолог дәрігер,
“Қызылорда қалалық ауруханасы” ШЖҚ МКК
Сурет doktorland.ru сайтынан алынды
|