Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


УЫТҚҰМАРЛЫҚ

Уытқұмарлық – бұл есірткілер тізіміне кірмейтін сол препараттарды шектен тыс тұтыну. Олар – бой үйрену мен тәуелділікті шақыруы мүмкін химиялық, биологиялық және емдік препараттар. Олардың лактар, бояулар, желімдер, жағар майлар және с.с. болуы мүмкін.
Уытқұмарлықта пациентте психикалық, сирегірек физикалық тәуелділік, соматкиалық және психикалық ауытқулар дамиды, тұлғаның өзгеруі байқалады.
Уытқұмарлықтың бірегей себебін айту қиын. Бұл жерде тұлғалық ерекшеліктер (инфантилизм, пассивтілік, тәуелділік, қыр көрсету, эмоционалдық тұрақсыздық) мән иеленеді.
Нақты қоғамдық сәттердің маңызы зор: білімнің және кәсіби біліктіліктің жоғары емес деңгейі, оқуға және жұмысқа ынтаның болмауы, идеяның жоқтығы, рахани жұтаңдық, бос уақытын тиімді пайдалана алмау, айналадағы микроортаның әсері, отбасындағы қолайсыз жағдайлар, тәрбие жұмысындағы ақаулар, медициналық-санитарлық жұмыстардың төменгі деңгейі.
Уытқұмарлықтың симптомдары көбіне еріткіштің түріне, оны қолдану мерзімі мен ұзақтығына байланысты болады. 3-5 иіскеуден соң баста шуыл, сілекей және көзден жас ағу, ауыр емес бас айналу, тамақ жыбырлауы пайда болады. Сондай-ақ қарашық кеңейеді және сыртқы тітіркендіргіштерге көңіл аудару мен реакция беру төмендейді. Бұл жай-күй 10-15 минутке созылады. Одан соң баста жағымдылығы аз сезімдер, жүрек айнуы, құсу болады.
Дерт үдегенде, кейінгі иіскеулерде босаңсу, психомоторлық қозу, психосенсорлық бұзылыстар байқалады, есітілген сөздер мен дыбыстар “таусылмайтын жаңғырыққа” айналып тұрақты қайталанады.
Адам бірден жүдейді, шаштары мен тырнақтары сынғыш келеді, беті ісіңкі, терісі құрғақ, топырақ түстес. Тістерін тісжегі зақымдайды. Біртіндеп науқас тұлғасы өзгереді.   

Ахылбек Нугуманович БАЙДИЛЬДАЕВ,
дәрігер нарколог,
№3 наркологиялық бөлімше меңгерушісі,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет www.neboleem.net сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (08.02.2015)
Просмотров: 1168 | Теги: уытқұмарлық, байдильдаев, ахылбек | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]