Жергілікті үсу мен суыққа тоңып жаурау (гипотермия) ылғалды суықтың (температура 0оС шамасында), сондай-ақ құрғақ суық ауаның (температура 0оС-ден едәуір төмен) әсерінен пайда болуы мүмкін.
Жергілікті үсу тері телімінің ағаруымен және қатаюымен, сезімталдығын жоғалтумен білінеді. Мұндай үсудің жеңіл сатысында зақымданған телімді ыстық алақанмен терінің сезімталдығы қалпына келгенше жылыту жеткілікті.
Үсіген терінің зақымдануға бейім тұратыны есте болсын, сол себепті көмек көрстер алдында қандай да бір антисептикпен өңдеу қажет (спирт, арақ, әтір). Зақымданған жерді қармен, шүберекпен немесе қолғаппен ысқылауға болмайды.
Егер мүмкіндік болса, суықтан жапа шеккен адамды жылы бөлмеге тез, көлікпен жеткізу керек. Оның зақымданған қол-аяғын жылы суы бар ваннада жылытқан жөн.
Организмнің жалпы тоңып, жаурауы тіпті 10-15оС нөлден жоғары температурада, егер ауа райы – дымқыл және желді болса пайда болуы мүмкін.
Тоңудың жеңіл сатысында зардап шегушінің есі кіресілі-шығасылы, ол маужыраған және аз қозғалады, одан әрі үсуде есі жоғалады, тамыр соғысы кейде қолға білінбейді. Тіпті бұл жағдайда да өлімге констатация жасауға болмайды, өйткені реанимация дене температурасы 26оС болғанда да жасала береді.
Гипотермиядағы шұғыл көмекті мынадай ережелерге сүйеніп жасау керек. Егер зардап шегушінің есі сақталса немесе тым болмаса тамыр соғысы қолға білінсе, жылытудың барлық мүмкін шараларын қарастырып, тез эвакуация мен госпиталдауды ұйымдастыру керек. Егер тамыр соғысы білінбесе, ең алдымен жүрекке жабық массаж (ЖЖМ) және жасанды тыныс алдыру (ЖТА) жасалады, одан соң тез арада ауруханаға жатқызу қажет.
Рамазан Калиевич ЖУМАГАЛИЕВ
анестезиолог-реаниматолог дәрiгер,
“Қызылорда қалалық ауруханасы” ШЖҚ МКК
Сурет lechdok.ru сайтынан алынды
|