Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Үшкіл нерв невралгиясы

Үшкіл нервтің аты айтып тұрғандай үш тармағы болады. Бір тармақ көзге, үстіңгі қабаққа және маңдай терісіне сезімталдық береді. Екіншісі астыңғы қабақтың, жақтың, мұрын танауларының, жоғары еріннің және жоғары қызыл иектің сезімталдығын қамтамасыз етеді. Үшінші тармақ төменгі жақтың, астыңғы еріннің, қызыл иектің және кейбір шайнау бұлшықеттерінің сезімталдығын жүзеге асырады.
Ауыру беттің төменгі бөлігінде және жақ аумағында орналасады, кейде ауыру мұрын айналасы мен көз үсті аумағын зақымдайды. Күшті ауыру үшкіл нервтің тітіркенуінен пайда болады, әдетте беттің бір жартысында білінеді.
Үшкіл нерв невралгиясы шабуылының басталу себептеріне: бет терісіне жанасу, бетті жуу, сақал мен мұртты қырыну, тісті тазалау, желдің жеңіл самалы, макияж, күлкі және әңгімелесу жатады.
Симптомдары.
Кейбір науқас адамдарда ауыру тұтқиылдан, еш себепсіз басталады. Басқа пациенттер ауыру автокөлік апаты, беттегі соққы немесе стоматологқа қаралу сияқты стресстік жағдаяттан туындайтынын айтады.
Емі.
Ол кеселдің бірінші күнінен басталуы және төмендегі шаралар кешенін өз бойына жинауы тиіс:
- вирусқа қарсы препараттар. Герпес вирусы шақырған невритте қажет “алтын стандарт” – ацикловир және оның аналогтары (герпевир, лавмакс);
- ауыру басатын препараттар: есірткілік емес анальгетиктермен (кетонав, дексалгин, кеталгин) қатар есірткілік дәрілер (промедол, трамадал, морфин, налбуфин);
- стериодты емес қабынуға қарсы әсері бар бұйымдар (диклоберл, индометацин, ревмоксиб, мовалис, целебрекс);
- глюкоокортикоидтар (метилпреднизолон, дексаметазон, гидрокортизон);
- бұлшықеттік спазмды азайтатын препараттар: мидокалм, сирдалуд;
- витаминдік препараттар мен нейропротекторлар: мильгама, тиогама, нейрорубин, прозерин;
- физиотерапевтік ем: ультра жоғары жиілік (УЖЖ-УВЧ), электрофорез, парафин – озокерит, магнитті терапия.   
 
 

Куралай Мырзамуратовна ИЛЬЯСОВА,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет myfamilydoctor.ru сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (04.02.2015)
Просмотров: 3444 | Теги: УЖЖ, “алтын стандарт”, үшкіл нерв невралгиясы, Куралай, ильясова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]