Елімізде туберкулезді анықтау науқастарда туберкулез кеселінің болу немесе болмауына қарамастан зерттеу барысында жүргізіледі.
Туберкулезді белсенді айқындау көпшіліктік (скринингтік) тексеруде (дәстүрлі түрде профилактикалық деп аталатында), қауіп тобын тексеру кезінде немесе қандай да бір кеселге байланысты емдеу мекемесіне қаралатындарды тексеруде атқарылады.
Туберкулезді белсенді анықтауға жауапкершілік медициналық ұйым басшыларына жүктеледі.
Ересектердің арасында өкпе ағзаларының туберкулезін белсенді анықтаудың негізін көптеген жылдар бойына барлық тұрғындарға 1-2 жылда өткізілетін тексерудің флюорографиялық әдісі болып табылады. Көпшілік флюорографиялық тексеру тұрғындардың көптеген бөлігін қамтуға, дертті ерте сатысында анықтауға ерік береді.
Туберкулезге шалдыққан науқастарды белсенді анықтау үшін тексерудің үш тәсілі қолданылады:
- сәулелік (негізінен флюорографиялық әдіс), мұнда сандық рентгендік аппаратураны қолдануға басымдық беріледі. Бұл тәсілді ересек тұрғындардан және жасөспірімдерден туберкулезді анықтау үшін пайдаланады;
- тыныс алу ағзалары мен бүйрек кеселдерінің симптомдары бар адамдардың қақырығын және зәрін микробиологиялық зерттеу. Мұны ересектерді, жасөспірімдерді және сирегірек балаларды тексеруде қолданады;
- туберкулиндік диагностика. Балаларды, кейде жасөспірімдерді тексерудің скринингтік зерттеу әдісі ретінде пайдаланады.
Туберкулезді айқындаудың негізгі әдісі тексерудің флюорографиялық зерттеу болып табылады. Қақырықты тексерудің миробиологиялық тәсілі туберкулездің зарарлы формасына шалдыққандарды қосымша анықтау мақсатында қолданылады.
Жұмагүл Байжігітқызы ҚАЗЫБАЙ,
І-ші санаттағы фтизиатр дәрігер,
диспансер бөлімінің меңгерушісі,
“Қазалы аудандық туберкулезге қарсы диспансер” КММ,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
Сурет focus.u сайтынан алынды
|