Туберкулездің екі формада – ашық және жабық түрде өтуі мүмкін. Туберкулездің ашық түрінде (бактерия бөлуде) қақырықтан, сілекейден және науқастың басқа бөліністерінен бактериологиялық тексеруде (себуде) немесе микроскопияда Кох таяқшалары аңғарылады. Егер қайталап тексеруде бөліністерде бактериялар болмаса – сырқаттың дерттің жабық түрінен жапа шегетіні.
Туберкулездің ашық және жабық формасы термині көбіне өкпе туберкулезі үшін қолданылады. Алайда бактерия бөлу туберкулездің басқа түрлеріне де тән – лимфа түйіндерінің туберкулезі, жыныс жүйесінің туберкулезі, ішек туберкулезі және с.с.
Бактерия бөлудің (ТМБ+) – науқастың жұқпалану қауіпінің өте маңызды көрсеткіші. Өйткені туберкулез тек қоршаған ортаға туберкулез микобактериясын бөлетін адамнан ғана жұғады.
Лабораториялық тәсілдердің мүмкіндігінің жеткіліксіз болуы себепті туберкулездің ашық түрі бар кейбір ауру адамдардан қақырықтан (және басқа бөліністерден) туберкулез микобактериясын анықтау мүмкін болмайды. Яғни, ресми түрде олар зарарсыз болып табылғанымен, айналасындағыларға елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан ешқандай дәрігер туберкулездің жабық түрі бар науқастармен контакт болғандарға 100 процент қауіпсіздікке кепілдік бермейді.
Туберкулездің ашық түрі бар науқас міндетті түрде қауіпті, жабық формасы бар сырқат ықтималды қауіпті.
Туберкулезі бар сырқатпен контактта болғаннан кейін дерт дамуының ықтималдығын азайту үшін мыналар есте болуы тиіс:
- темекі тартпау, күшті спирттік ішімдіктерді, сыраны, әлсіз алкогольді қоспаларды тұтынбау;
- етті, балықты, жұмыртқаны, сүтті және т.б. көбірек пайдалану;
- көбірек таза ауада болу және белсенді өмір салтын ұстану;
- тұрақты түрде профилактикалық тексеруден өту (өкпе флюорографиясы).
Жұмагүл Байжігітқызы ҚАЗЫБАЙ,
І-ші санаттағы фтизиатр дәрігер,
диспансер бөлімінің меңгерушісі,
“Қазалы аудандық туберкулезге қарсы диспансер” КММ,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
Сурет medvedka-zakaz.ru сайтынан алынды
|