Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ТРИХОМОНИАЗ

Трихомониаз – трихомонадалар шақыратын несеп-жыныс жүйесінің зақымдануы. Бүгінгі таңда кездесу жиілігі бойынша бұл кесел соз бен мерездің алдына шықты, жыл сайын ол 300 миллионннан астам адамға жұғады.
Трихомониаз негізінен жыныстық жолмен таралады. Тұрмыстық жұғу кездеседі, бірақ сирек. Жұғу сәтінен бастап кеселдің алғашқы белгілерінің білінуіне дейін әдетте 4 күннен 4 аптаға дейін уақыт өтеді.
Әйелдерде трихомониаз қынаптың қабынуымен (кольпит), жатыр мойнының қабынуымен (цервицит) түрінде өтеді. Еркектерде көбіне-көп зәр шығару каналы (уретрит) және аталық без (простатит) зақымданады.
Еркектерге қарағанда әйелдерге өзінде трихомониазды аңғару жеңілірек. Өйткені әйелдің қынабынан ақшылдау түсті көпіршікті сұйық бөлінеді. Оның иісіне көңіл аудару керек: трихомониазда бөліністен шіріген балықтың иісі шығады. Одан бөлек сыртқы жыныс ағзалары қызарады және ісінеді, қышу мен ашып ауыру сезімі туындайды, ал секспен айналысу азапты өтеді. Егер трихомонадалар зәр шығару каналында орналасса, зәрге шығуда ауырудың пайда болуы мүмкін.
Еркектерде көп жағдайда кесел симптомсыз өтеді. Басты және жалғыз белгі – зәрге шығу кезіндегі ауыру және ашу.
Жыныс ағзаларындағы қабыну өзгерістеріне байланысты трихомонадалар әйел бедеулігінің жиі себебіне айналады. Еркектерде трихомонадалар сперматозоидтарды желімдеп және сперманың қоректік затын тұтынып, бедеулік шақырады.
Сондай-ақ трихомонадалар өз денесінде гонококктарды да (соз) және трепонемаларды да (мерез) бірге алып жүреді.
Трихомониаз – жазылатын кесел. Тек бұл үшін дәрігердің барлық нұсқауларын орындау қажет. Кесел қоздырғышынан екі жыныстық серіктес бір мезгілде емделуі тиіс.       

Нурлыбек Темирбекович КОСАЕВ,
тері-венеролог дәрігер
“облыстық тері-венерологиялық диспансер” ШЖҚ МКК

Сурет doktorsemenova.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (03.05.2015)
Просмотров: 2990 | Теги: Нурлыбек, косаев, трихомониаз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]