Тірі адамға сараптама жасау Қазақстан республикасы «Сот сараптамасы қызметі туралы» заңына сәйкес сот медициналық сараптаманы жүргізу және ұйымдастыру туралы нұсқаулық ережелерінің тармақтарына сәйкес атқарылады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасымен көзделген денсаулыққа зиянның медициналық белгілеріне сәйкес сарапшы сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтайды.
Шын мәнінде заңдарда жарақаттардың бір-ақ түрі, яғни адам өміріне қауіпті жарақаттар ғана қарастырылады. Өйткені жарақат түрлерінің басқа белгілерінің бәрі жарақаттың нақ өзі емес, соның зардаптары болып табылады.
Адам өмірі үшін қауіпті жарақаттарға адамға медициналық көмек көрсетілмей өліп кететін немесе оған өлім қауіпін туғызатын жарақаттар жатқызылады. Бұл жарақаттар медициналық көмектің көрсетілгеніне қарамастан, сондай жарақат алудың өзі-ақ адам өміріне қауіпті деген сөз. Кейде, медициналық көмек көрсетілген жағдайда, мұндай жарақаттардың ақыры жақсы болып, ауыр зардаптарға соқтырмайды. Сондықтан мұндай жарақаттар салынған сәтінде ғана қауіпті болуы мүмкін.
Денсаулыққа келтірілген ауыр зиян мынадай айқын белгілері (өлшемдері):
1) адам өміріне қауіптілігі;
2) қандай да бір әсерлерден кейінгі салдар бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіретін өмірге қауіпті емес: көрмеу, естімеу, сөйлемеу немесе қандайда бір органнан айырылу, не органның қызметін жоғалту: бет пішіннің қалпына келмейтіндей зақымдануы; денсаулықтың бұзылуы, жалпы еңбекке қабілеттілігінен айтарлықтай тұрақты үштен бірінен айырылуымен біріктірілген (33% және одан жоғары); кәсіби еңбек қабілеттілігінен толық айырылуы; жүктіліктің үзілуі; психикалық бұзылуы (психикалық аурулар), нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен сырқаттанушылық болып табылады.
- Өмірге келтірілген қауіпті бағалау кезінде медициналық көмек көрсетумен, өзіне-өзі көмек көрсетумен немесе бір-біріне көмек көрсетумен түсіндірілетін өлімнің алдын алу, сондай-ақ кездейсоқ жағдайларды болдырмау назарға алынбауы тиіс.
- Өмірге қауіпті денсаулыққа келтірілген зияндарға:
- миды зақымдамай бассүйектің тесіп өткен жарақаты;
- бассүйек күмбезінің және бассүйек негізінің ашық және жабық сынуы
3) мидың ауыр дәрежедегі зақымдануы, ми діңі бөлігінің зақымдану симптомдары болса мидың орта дәрежедегі зақымдануы;
- өмірге қауіп төнген жағдайда эпидуралдық, субдуралдық, субарахноидалдық, миішілік және қарыншаішілік қан құйылу;
- омыртқа өзегін тесіп өткен, оның ішінде жұлынды зақымдамаған жарақаттар;
- сынулар - буындардың шығуы немесе дененің сынуы, немесе мойын омыртқалары доғаларының екі жағынан сынуы, сондай-ақ жұлын қызметі бұзылмай бірінші және екінші мойын омыртқалары доғаларының бір жақтан сынуы;
- мойын омыртқаларының шығуы; өмірге қауіп төндіретін немесе жұлын қызметінің бұзылуына әкеп соғатын буынның таюы;
- өмірге қауіп төндіретін немесе жұлын қызметінің бұзылуына әкеп соғатын мойын бөлігіндегі жұлынның жабық зақымдануы;
- жұлын функциясы бұзыла отырып немесе ауыр дәрежедегі клиникалық бекіткіш шокпен және басқа да өмір жағдайына қауіп төндіретін бір немесе бірнеше кеуде немесе бел омыртқаларының сынуы немесе сынып-шығуы;
- ауыр арқа шогына немесе жамбас органдары функцияларының бұзылуына әкеп соғатын кеуде, бел және сегізкөз сегменттерінің жабық зақымдануы;
- жұтқыншақтың, өңештің, көмекей және кеңірдектің саңылауын тесіп өткен жарақат, сондай-ақ қалқанша без және айырша бездің ашық жарақаты;
- тіласты сүйегінің сынуы, өмірге қауіп төндіретін көмекей шеміршегінің және кеңірдектің ашық және жабық сынуы;
- өкпенің қабын, жүректің қабын немесе көкірек ортасын тесіп өткен, оның ішінде ішкі органдарды зақымдамай тесіп өткен кеуде клеткасының жарақаты
- ішперде қуысын (ішперде қуысы мен ішпердеден тыс кеңістікті) тесіп өткен, оның ішінде ішкі органдарды зақымдамай тесіп өткен іш жарақаты;
- қуық қуысын, тікішектің жоғарғы және ортаңғы бөліктерін тесіп өткен, сондай-ақ тікішектің төменгі бөлігінің барлық қабаттарын аумақты ашық зақымдаған жарақат
- кеуденің ішкі органдарының немесе ішперде қуысының немесе ішперде қуысынан тыс кеңістіктің (бүйректер, бүйрекүсті бездері, ұйқы безі) немесе диафрагманың, немесе қуықасты бездерінің, немесе несеп ағардың, немесе несеп ағар каналдың жарғақты бөлігінің ашық және жабық жарақаттары;
- мықын-сегізкөз жігі жарыла және жамбас сақинасының байланысы бұзыла отырып немесе жамбас сақинасының байланысы бұзыла отырып, оның алдыңғы және артқы бөліктерінің екі рет сынуы;
- диафизарлық бөліктегі ұзын түтік тәрізді сүйектердің (тоқпан жілік, ортан жілік, үлкен жілік, білектің қос сүйектері) ашық сынықтары;
- кәрі жілік, шынтақ жілік, кіші жіліншіктердің ашық сынығы; тоқпан жілік, ортан жілік және үлкен жіліктердің жабық сынықтары кезінде, сондай-ақ, ірі буындардың (тоқпан, шынтақ жіліктері, кәрі білезіктік, жамбас-сан, тізе, сирақ-аяқ басы) жабық зақымдануы кезінде денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесі өмірге төнген қауіпке, денсаулықтың бұзылуының ұзақтығына немесе еңбекке жарамдылығын тұрақты жоғалту белгілеріне қарай анықталады;
- ірі қан тамырларының: қолқа, күретамыр, (ортақ, ішкі, сыртқы), бұғана асты, қолтық, тоқпан, мықын, сан, тізеасты артериялары немесе оларды тесіп өте отырып, көктамырлардың зақымдануы;
- перифериялық тамырлардың зақымдануы (бастың, беттің, мойынның, білектің, қол ұшы, сирақ-аяқ басы) олардың өмірге төндірген нақты қаупіне қарай анықталады (мысалға көп мөлшерде қан жоғалту, ауыр дәрежедегі шок және басқалар);
- адамның өміріне қауіп төндіретін жағдайлар: ауыр дәрежедегі шок (3-4 дәрежелі), әртүрлі этиологиядағы кома, коллапсс тудыратын көп мөлшерде қан жоғалту, жіті жүрек немесе қан тамыры функцияларының жетіспеушілігі, коллапс, ми қан айналымының ауыр дәрежедегі бұзылуы, жіті бүйректік немесе бауырлық функциялар жетіспеушілігі; ауыр дәрежедегі жіті тыныс алу функцияларының жетіспеушілігі; іріңді-септикалық жағдайлар, ішкі органдардың инфарктіне әкеліп соғатын аймақтық немесе ағзалық қанайналым функциялар жетіспеушілігі; аяқ-қолдардың гангренасы; мидың, өкпе мен басқа да органдардың қан тамырларының эмболиялары (газды немесе майлы), тромбоэмболиялар, өмірге қауіп төндірген жағдайлардың үйлесімі;
- дене бетінің 15%-дан асатын үшінші, төртінші дәрежедегі күйікке шалдығуы; 20%-дан астам үшінші дәрежелі күйік, дене бетінің 30%-дан астамы күйікке шалдыққан екінші дәрежедегі күйік, сондай-ақ көлемі көп емес, бірақ өмірге қауіп төндірген жағдайда (күйіктің салдары адамға пластикалық және қалпына келтіру операциясын ескермей, бағалануы тиіс); дауыс қуысының ісігі және тарылу құбылысымен тыныс алу жолдарының күйіктері;
- өмірге қауіп төндіретін аумақтық, жалпы уытты әсерден басқа химиялық күйіктер (қоюланған қышқылдар, қауіпті сілтілер, өзге де уландырғыш заттар);
- химиялық заттармен (улар) улану немесе өмірге қауіп төндіретін биологиялық агенттер әсерінен пайда болған патологиялық жағдайлар;
- өмірге қауіп төндіретін құбылыстың айқын белгілерімен қоса жүретін мойын ағзаларының қысылуы және басқа да механикалық асфиксиялар (ми қанайналымының бұзылуы, естен тану, амнезия және басқалар), егер бұлар объективті деректермен дәлелденген болса;
- ұршық және тізе буындарының ашық жарақаттары;
- төменгі температурының әсерінен зақымдану (организмнің жалпы тоңуы, үсу), өмірге қауіп төнген жағдайда.
- көру, есту және сөйлеу қабілетін немесе қандай-да бір ағзасын, не органның қалыпты қызметін жоғалту - нәтижесі мен салдары бойынша денсаулыққа ауыр зиянға жататын, өмірге қауіпті емес жарақаттар болып табылады:
- екі көздің толық көрмей қалуын немесе 0,04 дейін және одан да төмен көз көрудің төмендеуін (екі метр және жарыққа дейінгі қашықтықта саусақты санау);
бір көздің көрмей қалуы көру қабілетінен айырылу деп түсінген жөн;
- бір көздің көрмей қалуы ағзаның қызметінің жоғалуына әкеп соғады және денсаулыққа келтірілген ауыр зиянға жатады; ал бір сау көз алмасынан (көретін) айырылу органнан айырылу болып табылады, сондай-ақ денсаулыққа келтірілген ауыр зиянға жатады;
- алып тастау кажет болатын көрмейтін көздің зақымдануы денсаулықтың бұзылу ұзақтығына қарай жарақаттың қалпына келтірілмейтіндігі туралы міндетті түрде көрсетіле отырып, бағаланады.
- ойын буынға бөлінген дыбыс түрінде айналасындағылар үшін түсінікті етіп жеткізе алмауын немесе дауысты жоғалтуын сөйлеу қабілетінен айырылу деп түсінген жөн;
- жәбірленуші әңгімелескен дауысты құлақ қалқанынан 3-4 сантиметр қашықтықта естімейтін толық кереңдікті немесе қайтымсыз күйді есту қабілетінен айырылу деп түсінген жөн. Құлақтың біреуінің есту қабілетінің жоғалуы осы мүшенің қызметінен айырылуы деп бағаланып, денсаулыққа келтірілген ауыр зиянға жатқызылады;
- қол, аяқтан айырылу яғни оларды денеден бөлуді немесе олардың қызметін болдырмайтын (қолды немесе аяқты анатомиялық жоғалту деп барлық қол-аяқтан, сондай-ақ қол ұшы мен аяқ басынан айырылуды түсінген жөн) өзге де жағдайлардың салдарынан функцияларынан айырылуын; жыныстық қатынасқа қабілеттіліктен айырылумен, немесе ұрықтандыру, бала көтеру, жүкті болу, бала туу қабілеттілігінен айырылумен, органнан айырылу деп бағаланатын бір аталық безден айырылумен түсіндірілетін өндірістік қабілеттіліктен айырылуды қандай да бір мүшеден айырылу немесе органның қызметінен айырылуы деп түсінген жөн;
- бет зақымданған жағдайда беттегі жарақаттың қалпына келмейтіндігін анықтау барысында сарапшы өз қорытындысында мұндай жарақаттарды сот немесе тергеуші бет-әлпеттің қалпына келмейтіндей бұзылу деп таныса, жарақаттарды ауыр дәрежелі зиян ретінде бағалауы керек);
- жалпы еңбекке қабілеттілігінің үштен бірінен артық (33% жоғары) тұрақты түрде жоғалтуы: жарақаттану кезінде жалпы еңбек қабілеттілікті айтарлықтай тұрақты түрде жоғалту мөлшері жарақаттың анықталу нәтижесінен кейін сәйкес әртүрлі жарақаттардың салдарынан еңбекке қабілеттілігін жоғалту пайыздарының кестесі бойынша) белгіленеді;
- кәсіби еңбекке қабілеттілікті толық жоғалту кезінде - кәсіби еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін анықтау медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясымен жүргізіледі;
- жүктіліктің мерзіміне қарамай үзілуі, организмнің жеке ерекшеліктерімен байланыссыз, және зақымданумен тікелей себепті байланыста болады;
- психикалық бұзылуларды (психикалық ауруды), нашақорлықты, уытқұмарлықты диагностикалау психиатриялық, наркологиялық сараптамалармен жүзеге асырылады.
- Денсаулыққа келтірілген орташа зиянның белгілері:
1) денсаулықтың ұзақ бұзылуы - 3 аптадан артық бұзылуы (21 күннен астам), денсаулыққа келтірілген зиянға тікелей байланысты аурулар немесе ұзақтығы үш аптадан артық (21 күннен астам) қандайда бір орган функциясының бұзылуы түріндегі салдар жатады;
2) жалпы еңбекке қабілеттілікті айтарлықтай тұрақты жоғалту (10-33%-ды қоса алғанда).
- Денсаулыққа келтірілген жеңіл зиянның белгілері:
1) денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуы - 3 аптадан аспайтын мерзімге, кемінде 21 күн;
2) жалпы еңбекке қабілеттіліктің сәл тұрақты бұзылуы – кемінде 10%.
- Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын сот-медициналық бағалау сот-тергеу органдары қаулысының негізінде жәбірленушіні медициналық тексеріп-қарау арқылы сот-медицина сарапшысы жүргізеді.
- Денсаулыққа зиянның ауырлығына сот- медициналық сараптама жарақаттанудың сипаты туралы түпкілікті мәліметтерден тұратын құжаттардың толық пакеті болған жағдайда (стационарлық науқастың картасында, амбулаториялық науқастың картасында және басқа) медициналық құжат бойынша жүргізіледі.
- Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын сот-медициналық бағалау аурудың сипаты, салдары, ұзақтығы туралы медициналық құжаттардың қарама-қайшы мәліметтеріне байланысты қиындық туғызғанда медициналық құжаттар бойынша сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде сарапшының сұратуы бойынша қылмыстық тергеу органы немесе сот жәбірленушіні сараптама жүргізу үшін келуін қамтамасыз етеді.
- Сот-медициналық сарапшы куәландыратын құжат бойынша куәландырылатын тұлғаны оның жеке басын (куәландырылатын адам болмаған жағдайда сараптаманы тағайындаған тұлғаның өзі анықтайды) анықтайды, куәландырылатын адамның жарақат алу жағдайын, шағымдарын және қажет болған жағдайда басқа да мәліметтерді анықтайды. Алынған барлық деректер сарапшының қорытындысында белгіленеді.
- Егер сарапшыға қажетті медициналық құжаттар және істің өзге де материалдары ұсынылмаған болса, ол бұндай қажеттілік туындаған сәттен бастап тәуліктік мерзімнің ішінде сараптама тағайындаған тұлғаға немесе органға жетіспейтін материалдарды жіберуі туралы өтініш жібереді.
- Сот-медициналық сараптаманы жүргізу барысында сарапшы тек қана құжаттардың түпнұсқасын пайдаланады, құжаттардың түп нұсқасы болмаған жағдайда, сарапшы органмен (сараптама тағайындаған тұлғамен) расталған медициналық құжаттардың көшірмесін негіз ретінде алады, тиісті мамандарды тартумен жүргізілген қосымша зерттеулердің мәліметтерін пайдаланады.
- Бұндай жағдайларда сарапшының қорытындысында куәландырушының қашан, қай жерде және кім қосымша тексергендігі және оның барысында қандай фактілер анықталып, маманның қандай шешімге келгендігі көрсетіледі. Қорытынды осы тексерудің нәтижесі ескеріле отырып, әзірленеді.
- Денсаулықтың бұзылуының ұзақтығы медициналық құжаттардағы деректерді ескере отырып анықталады. Аурудың ұзақтығын, сипатын немесе денсаулыққа келтірілген зиянмен байланысты ағзалардың қалыпты қызметтерінің бұзылуын бағалай отырып, сарапшы объективті, оның ішінде сараптама жүргізу процесі барысында анықталған мәліметтерді негізге алады.
- Сот-медициналық сарапшы жәбірленушінің емделу ұзақтығы жарақаттың сипатына, оның клиникалық құбылыстарына негізделмеуі, сондай-ақ жәбірленушінің еңбекке жарамсыздық парағынан бас тартуы және өз ниетімен жұмысқа уақытынан бұрын шығуы орын алуы мүмкін болғандықтан медициналық құжаттардың мәліметтерін сын көзбен бағалайды.
Осы тармақта көрсетілген барлық жағдайларда сот-медициналық сарапшы объективті клиникалық деректерге сүйене отырып аурудың ұзақтығын және оның ауырлығын бағалайды.
Денсаулықтың бұзылу ұзақтығы, емделу мен уақытша еңбекке жарамсыздықтың ұзақтығы әр түрлі түсініктер болып табылады және де мерзімі бойынша сәйкес келе бермейді.
- Қандай да бір аурумен ауыратын адамның денсаулығына келтірілген зиянды бағалау кезінде тек келтірілген жарақаттың салдары ғана ескеріледі.
Сондай-ақ, сарапшы жарақаттың ауруға әсерін анықтайды (аурудың асқынуы, оның ең ауыр объектіде өтуі және өзгелер).
Қажет болған жағдайда жарақаттың ауруға әсерін клиникалық бейіннің тиісті мамандарының қатысуымен сарапшылар комиссиясы шешеді.
- Көптеген жарақаттар бір-бірін өз ара ауырлатқан жағдайда денсаулыққа зиянның ауырлығын жиынтық бағалау жүргізіледі.
Жарақаттардың туындау және пайда болу ұзақтығы әртүрлі болған жағдайда әр қайсысы үшін ауырлықты бағалау жеке-жеке жүргізіледі.
- Дененің жұп бөлігі немесе қос мүше зақымданған жағдайда келтірілген жарақаттың салдары ғана, зақымданған бірдей жұп бөліктің немесе бірдей басқа қос органның функциясының бұрын бұзылуын есепке алмай бағаланады.
Дененің бөлігі бұрын жоғалтқан функциясымен толық немесе ішінара зақымданған жағдайда тек жарақаттың салдары ғана ескеріледі.
Денсаулыққа келтірген зиянның ауырлығының сот-медициналық сараптамасы кезінде қорытындыда мыналар көрсетіледі:
1) денсаулыққа келтірілген зиянның медициналық тұрғыдан алғанда объективті белгісі (тырналу, қанталау, жарақат, сүйек сынуы және басқалар), олардың орнығуы және қасиеттері;
2) жарақаттандырған құралдың (заттардың) із түсірген бөлігінің сипаты;3) туындау механизмі; 4) зақымдау уақыты; 5) денсаулыққа келтірген зиянның белгісін көрсету.
Объективті медициналық деректер бойынша өмірге қауіп белгілері анықталған жағдайда сот-медициналық сарапшы жарақаттың нәтижесін күтпей-ақ, денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын белгілей алады.
Денсаулыққа келтірілген зиян туралы болжамды пікірмен алдын ала қорытындылар әзірлеуге тыйым салынады.
Сот-медициналық сарапшы мынадай жағдайда денсаулыққа келтірілген зиянды бағаламайды:
1) клиникалық жағдайы айқын болмаған немесе жәбірленушіні клиникалық және зертханалық тексерулер жеткіліксіз болған жағдайда;
2) денсаулыққа келтірілген зиянның анықталмаған өмірге қауіпсіздік нәтижесі;
3) жәбірленушінің қосымша тексеруден бас тартуы немесе қайта қаралуға келмеуі, егер осы жағдайлар сарапшының жарақаттың сипатын, оның клиникалық ағымы мен нәтижесі жөнінде дұрыс бағалау мүмкіндігінен айырса;
4) денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлығы туралы айту мүмкін болмайтын медициналық құжаттардың, сондай-ақ, қосымша зерттеулер нәтижелерінің болмауы.
Көрсетілген жағдайларда сот-медициналық сарапшы шешімінде денсаулыққа келтірілген зиян дәрежесін анықтауға мүмкіндік бермейтін себептерді көрсетіп, бұл мәселені шешу үшін қандай деректер (медициналық құжаттар, қосымша зерттеулердің нәтижелері және басқалар) керек екендігін көрсетеді, сондай-ақ, қайта зерттеу мерзімін анықтайды.
- Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау мүмкін еместігі туралы дәйектелген түсіндірме сарапшыны сараптаманы тағайындаған тұлға (орган) қойған басқа сұрақтарды шешу қажеттілігінен босатпайды.
- Сарапшының қорытындысы сараптама аяқталғаннан соң кеңсеге тіркеу және сараптама тағайындаған тұлғаға (органға) беру үшін немесе сараптама тағайындаған тұлғаның (органның) жазбаша өкімі бойынша өзге тұлғаға беріледі.
- Медициналық ұйымдардың басшылары мен дәрігерлері сот-медициналық сарапшыға сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қажетті зертханалық зерттеулерді жүзеге асыруда клиникалық тексеру, консультациялар жүргізуге көмек көрсетеді.
Қолданылған әдебиеттер:
- Қ.Қарагубенов « Сот сараптамасы» медициналық оқулық.1996 ж.
- Қазақстан Республикасы «Сот сараптамасы қызметі туралы Заңы».
- Сот медициналық сараптаманы жүргізу және ұйымдастыру туралы нұсқаулық ереже.
Косберген КУЛЬМЫРЗАЕВ,
Жалпы сараптама бөлімінің менгерушісі,
І санатты сот-мед сарапшысы,
"ҚР ӘМ Сот медицинасы орталығы" РМҚК Қызылорда филиалы
Сурет 1avtourist.ru сайтынан алынды |