Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Терінің зеңдік кеселдері

Зеңдік кеселдер (микоздар) адам организмінде ерекшеліктік зеңдер өсіп-өнгенде туындайды. Көбіне тырнақтар мен табан терілері зақымданады. Зеңге күдік туғанда дерматологқа бірден қаралу қажет. Өз бетінше емделу зиянды.
Кейбір зеңдер терінің терең қабаттарын зақымдап, организмге ішкерілей еніп терең микоздарды шақыруы мүмкін.
Бұл кеселдер шарт бойынша иммунитеті төмендеген және созылмалы дерттерден жапа шегетін адамдарда, сондай-ақ антибиотиктерді ұзақ қабылдағанда болады. Терең микоздарға кандидоз бен аспергиллез де жатады.
Зеңді жануарлардан да жұқтыру мүмкін. Мысалы қырма тазды қаңғыбас иттер мен мысықтар жұқтырады, сирек жағдайда жұқпа көзі басқа адам болып табылады.
Бұл кезде теріде қабыршақпен жабылған бір немесе бірнеше қызғылт дақ пайда болады. Сонымен қатар шаштың және бастық шаш бөлігінің зақымдануы мүмкін.
Қайызғақтың еркектерде де, әйелдерде де, балаларда да пайда болуы ықтимал. Статистика бойынша жер шары тұрғындарының 30%-інде қайызғақ бар, ал 50%-і өмірінде бір рет те болса одан жапа шеккен.
Көптеген жағдайларда қайызғақтың тікелей себебі зең болып табылады, алайда оның арта түсіп көбеюін шақыратын себептердің әр қилы болуы мүмкін. Бұл себорея, төмендеген иммунитет, созылмалы жұқпалар (инфекциялар), гормоналдық бұзылыстар мен тіпті шашқа дұрыс күтім жасамау. Қайызғақтың себебін тауып және оны оңтайлы емдеуді шаш проблемалары бойынша маман - трихолог атқара алады.

Нурлыбек Темирбекович КОСАЕВ,
тері-венеролог дәрігер
“облыстық тері-венерологиялық диспансер” ШЖҚ МКК

Сурет belriem.org сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (01.05.2015)
Просмотров: 1044 | Теги: қайызғақ, Нурлыбек, косаев, зеңдік кеселдер (микоздар), Кандидоз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]