Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


СТЕНОКАРДИЯ

Стенокардия – бұл орта және ересек жастағы адамдардың арасында тараған кесел. Стенокардияны кейде коронарлық (жүректік) дерт деп атайды, өйткені оның себебі жүректік артериялардың ішінара бітелуінде жатыр. Сол себепті жүрек бұлшықеті оттегіге бай қанның жеткілікті көлемін ала алмайды. Коронарлық қан ағысының тапшылығын әр түрлі себептер шақырады, мысалы, атеросклерозға байланысты органикалық немесе функционалдық бұзылыстар. Жас келген сайын артерия жақтаулары көбірек тығыздалады, серпінділігін жоғалтады. Шылым шегу, холестериннің жоғары деңгейі мен көтеріңкі қысым артериалдық қатаю үдерісін белсенді етеді. Алайда дұрыс тамақтану мен калийі және магнийі бар препараттарды қабылдау арқылы мұның алдын алуға және тіпті емдеуге болады. 
Стенокардияны зорығу, стресс, жаурау, темекі тарту шақыруы мүмкін.
Алдымен кеудеде, төс астында жайсыздық немесе ауру пайда болады. Ауырудың сол қолға немесе сол иыққа, сондай-ақ мойын аумағына, төменгі жаққа иррадиаицялануы немесе тұтастай кеудеге таралуы ықтимал. Бұл стенокардияның негізгі белгілері. 
Ұстама қорқыныш пен үрей және алаңдау сезімдерімен бірге жүреді. Жатқан кезде ауыру сезімдерінің күшеюі мүмкін. Бұл жағдайда ыңғайлы отыру кейіпін қабылдау, тіпті тыныш тұру қажет.
Стенокардияның кернеулі және ерекше (спонтанды) түрлері болады. Ағымы бойынша: алғаш туындаған, тұрақты және тұрақсыз (үдемелі) түрлері ажыратылады.
Стенокардияның алдын алу көп бөлігінде атеросклероздың профилактикасы мен еміне байланысты. Қауіп факторларын жою да ықпалды. Артериалды қысымды бақылау, дұрыс тамақтану, калий мен магнийдің тапшылығының профилактикасы, салауатты өмір салты дерттің бетін қайтаруға көмектеседі.
Егер “стенокардия” диагнозы қойылса, екінші реттік профилактика әдістері қолданылуы тиіс. Бұл үшін денелік зорығудан бойды алыс ұстау және болуы мүмкін физикалық жүктемелер алдында нитроглицерин қабылдау керек. Қант диабеті мен асқазан-ішек жолы кеселдері болғанда бұл дерттердің лайықты бақылануы қажет.        
      
 

Нургул НАУРЫЗОВА,
жалпы тәжірибелі дәрігер, 
“Бірлік” дәрігерлік амбулаториясы,
“Амбулаториялық - емханалық қызметі бар 
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жаңақорған ауданы

Сурет med36.com сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (17.05.2015)
Просмотров: 1791 | Теги: наурызова, стенокардия, нургул, алдын алу | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]