Созылмалы панкреатиттің дамуына ықпал ететін көптеген этиологиялық факторлардың арасында алкоголді шектен тыс тұтынудың мәні ерекше. Дерттің пайда болуының жиі себептеріне гипергликемия дамуымен бірге тойып тамақ ішу жатады. Кейбір оқиғаларда созылмалы панкреатит басқа зат алмасушылық бұзылыстар фонында немесе кейбір дәрілік бұйымдарды қабылдағанда дамиды.
Кеселдің ауыр ағымына үштік симптом тән: стеаторея (кейде бұзылған ас қорытудың кең жайылған синдромы), қант диабеті және ұйқы безі тінінің елеулі зақымдануы мен кальцинозы. Бұл симптомдар кейінірек пайда болады, әдетте созылмалы панкреатиттің бастапқы біліністері анық көрінбейді. Сол себепті науқастар дәрігерге кеш қаралады.
Созылмалы панкреатиттің ең ерте симптомы іштің жоғары жартысындағы ауыру болып табылады, кейде бұл диетаны бұзумен байланысты болып келеді. Ауыру арқаға иррадиацияланады немесе белбеу түрінде болады. Ауыр асқынуда клиникалық сурет жедел панкреатиткке ұқсас. Ұстамалар бірнеше күннен бірнеше жылға дейінгі аралықта туындайды.
Созылмалы панкреатит ағымының ауырлығының үш дәрежесі бөлініп қарастырылады.
Жеңіл ағымда ұстамалар жылына 1-2 рет болады, ауыру синдромының беті тез қайтарылады, асқынудан тыс кезде науқастың жағдайы қанағаттанарлық.
Орта ауырлықтағы ағымда асқыну жылына 3-4 рет байқалады. Ауру синдромы ұзағырақ, қандағы амилаза белсенділігінің елеулі артуы білінеді.
Ауыр ағымында асқыну жиі және ұзақ, бұзылған ас қорыту синдромы, қант диабеті, сондай-ақ плеврит, нефропатия, ұлтабардың екінші реттік ойық жарасы сияқты зардаптармен сипатталады.
Анаркуль Каримовна НУРГАЛИЕВА,
терапевт дәрігер,
“Қазақ республикалық лепрозорийі” РМК
Сурет nebolet.com сайтынан алынды
|