Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Шылымқорлық және жүрек-қан тамыр кеселдері

Никотин мен сутек оксидінің жүрек қан тамыр қызметіне әсер ететіні және зат алмасуды өзгертіп, артериалды қысымды арттыратыны, тамыр соғысын жиілетіп, оттегі тұтынуды, плазмадағы катехоламиндер мен карбогемоглобинді, атерогенезді көтеретіні жалпыға белгілі. Мұның бәрі жүрек-қан тамыр кеселдерінің дамуы мен үдеуіне жол ашады.
Никотин қандағы қанттың деңгейін жоғары етеді, көміртек оксиді атеросклероздың дамуына ықпал жасайды, миокардқа теріс инотропты әсер береді, шылымқұмарлар қанындағы холестериннің деңгейі темекі тартқандармен салыстырғанда жоғары болады. Бұл өз кезегінде жүректік (коронарлық) қан тамырлардың бітелуіне жетелейді. Жүректің ишемиялық кеселінің (ЖИК) пайда болу ықтималдығы шегілген сигарет санына қарай арта түседі.
Шылымқорлық сондай-ақ миокард инфарктінің дамуына да әсер етеді, аяқтардың эндартериитінің дамуына септігі тиеді. Шылым шегетін қант диабеті бар науқастар темекі тартпағандармен салыстырғанда шеткі қан тамырларының обструктивті зақымдануының қаупіне ұшырайды (50%).
Темекі оған қоса аортаның атеросклеротикалық аневризмнің дамуының қатерлі факторының бірі болып табылады. Никотиннің әсерінен туындайтын шеткі қан тамырларының түйілуі (спазмы) гипертониялық аурудың дамуында зор рол атқарады (темекі шегу кезінде артериалды қысым анағұрлым жоғарылайды).

Жанна Бахтияровна САХОВА,
нарколог дәрігер,
диспансерлік бөлім меңгерушісі,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет fitvid.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (11.03.2015)
Просмотров: 1165 | Теги: ЖИК, шылымқорлық, Жанна, никотин, сахова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]