Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


САРЫП (БРУЦЕЛЛЕЗ)

Сарып (бруцеллез) – үй жануарларынан адамдарға берілетін жұқпалы (инфекциялық) кесел. Ол адам организмінің тірек-қимыл аппаратының, басқа ағзалары мен жүйелерінің созылмалы ағымға бейім зақымдалуымен сипатталады.
Кесел қоздырғыштары – бруцелла туыстығындағы бактериялар.
Қоздырғыш көзі – ұсақ және ірі мүйізді мал. Жұқпаланған жануарлар бруцеллаларды сүтпен, зәрмен, нәжіспен, әсіресе ұрық айналасындағы сұйықпен сыртқа бөледі.
Жұғу жолы негізінен тағамдық. Бұл қайнамаған, шикі сүт ішкенде және қой ірімшігін қолданғанда болады. Адамның сарыпты қабылдауы өте жоғары.
Инкубациялық кезең 7 күннен 21 тәулікке дейін созылады, кейде бұл бірнеше айға ұзарады.
Кесел жедел немесе біртіндеп толқын тәріздес сипат иеленетін температураның жоғарылауымен басталады. Сырқаттарды әлсіздік, тез шаршау, қалтырап-дірілдеу, түнгі терлеу, тәбеттің төмендеуі, жүдеу мазалайды. Дерттің бұл сатысы адам өміріне қауіп төндірмейді және тіпті емдеусіз сауығумен аяқталады. Кейбір ауру адамдарда дерт осымен шектеледі, алайда басқаларында бірнеше айдан соң ол ірі буындардың, бұлшықеттердің, нерв жүйесінің және басқа ағзалардың созылмалы зақымдалу түрінде білінеді.
Кейбір оқиғаларда кесел жұқпаланғаннан кейінгі бірнеше айдан соң тірек-қимыл аппаратының созылмалы зақымдануы түрінде басталады.
Дерттің диагнозы қанды арнайы зерттеулердің және терілік Бюрне сынамасының нәтижесі арқылы нақтыланады.
Бруцеллезге шалдыққан науқастар инфекциялық ауруханада емделеді.
Кеселдің алдын алу үшін сүтті қайнатып немесе пастеризацияланған түрде тұтыну қажет.
Сарып бойынша қолайсыз аймақтарда мал шаруашылығы қызметкерлерін егу (вацинациялау) жүргізіледі.        

Урак КЕУБАСОВ,
инфекционист дәрігер,
"Амбулаториялық-емханалық қызметi бар
Қазалы  аудандық орталық ауруханасы" ЖШҚ МКК
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет neoglavnom.com сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (30.04.2015)
Просмотров: 945 | Теги: кеубасов, терілік Бюрне сынамасы, урак, сарып (бруцеллез) | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]