Көбіне психиатр-наркологтарға науқастың өзі емес, туыстары алкогольге немесе есірткіге тәуелділіктен арылуға көмектесуді сұрап келеді. Олар адамның неліктен психикалық белсенді затты (ПБЗ) тұтынатынын біліп, пысықтауды алдарына мақсат тұтады. Науқастың өзі әдетте бойындағы кеселді жоққа шығаруға тырысып, ауру еместігін және өзін бақылай алатынын айтады. Бұл теріске шығару дерт белгісі болып табылады және ғылыми тілде “анозогнозия” деп аталады.
Тәуелді адаммен бір үйде, бір шаңырақтың астында тұратындар бейсаналық түрде тәуелділіктен жапа шегеді, оларды қосымша тәуелділер дейді.
Медициналық-психологиялық көзқарас бойынша қосымша тәуелділік – бұл наркологиялық науқастардың туыстары мен жақындарының тұрақты психикалық жарақат, сырқатқа бейімделуге тырысу нәтижесінде пайда болатын мінездің ерекше білініс кешені. Бұл адамды азапқа салатын жағдай. Ол жағымсыз ғана емес, қауіпті де.
Қауіпті болатыны әр түрлі бұзылыстар қауіптің факторы болып табылатыны. Ол бірінші кезекте тектегі химиялық тәуелділік қауіпі, пациент туыстарындағы психосоматикалық кеселдер мен торығудың (депрессияның) дамуына, сондай-ақ науқастың өзіндегі тәуелді мінез-құлықта дерттің қайта соғуының (рецидивінің) дамуына негіз болады.
Қосымша тәуелділікке отбасындағы қатыгездік, физикалық, сексуалдық немесе эмоционалдық озбырлық (агрессия), тәрбиенің ерекше түрлері жетелейді. Ересектер өздерін баланың нақты қожайыны сезініп, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін анықтай бастайды. Мұнда ата-аналар мен балалар арасында эмоционалдық қашықтық (дистанция) орнайды, сезімдерді табиғи білдіруге тиым салынады. Баланың ерік-жігері қырсықтық деп бағаланып, ол сынады.
Мұндай тәрбие нәтижесінде өзін төмен бағалаушы, өз жақындары мен басқа адамдардың өмірін қадағалау және басқаларға қамқорлық жасау, құтқару тілегі, негативтік сезімдері бар, теріске шығарушы тұлға өсіп шығады.
Ахылбек Нугуманович БАЙДИЛЬДАЕВ,
дәрігер нарколог,
№3 наркологиялық бөлімше меңгерушісі,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК
Сурет vk.com сайтынан алынды
|