Қанның диссемирленген қан тамырішілік ұю синдромының (ҚДҚТІҰС-ДВС) алдын алудың міндеті – ағзалар мен тіндерді микроқантамырларында тромбтың түзілуінің профилактикасы болып табылады. Ол үшін каппилярлардың эндотелийін зақымдаудан ерте қорғау және тромбоциттердің агрегациясының алдын алу қажет.
Қан ҚДҚТІҰС-ДВС-тің профилактикасының негізін науқастың ауыр жай-күйінің себебі болып табылатын сол патологияларды ерте патогенетикалық терапиялау құрайды.
Мысалы, кең көлемде қан кеткенде, қан ағуын тоқтатудан басқа, қан жоғалтудың орнын тез толтыру, артериалды қысымды критикалық деңгейден (80 ммсынбағ) жоғары көтеру және ең бастысы тіндердің перфузиясын барынша тезірек қайта қалпына келтіру, қанның реологиялық қасиеттерін, оның көліктік қызметін жақсарту талап етіледі. Бұл мәселелер медициналық әдебиеттерде жақсы келтірілген, дегенмен оның талас тудыратын тұстары да бар.
Реанимациядан кейінгі кезеңде ҚДҚТІҰС-ның және ағзалардағы одан кейінгі микротромбоздардың алдын алу үшін тіндерге олардың қажеттіліктеріне сәйкес оттегін ерте жеткізу аса маңызды екенін ескерткен жөн сияқты. Тек осы фонда ғана патогентикалық негізделген әрекет нәтижесін күтуге болады.
Капиллярлар эндотелийлеріне қабыну медиаторларының зақымдаушы әсерін азайту үшін емдеудің алғашқы сағаттарынан бастап мыналарды жасау қажет:
1. А2 фосфолипазасының белсенділігін ингибирлейтін гликокортикостериоидтарды қолдану;
2. Липидтердің гидрототығуының, простогландиндердің, А2 тромобоксанның түзілуін потенцирлейтін (қуаттайтын) циклооксигеназаларды ингибирлеу;
3. А2 тромбооксанының өндірілуін азайту үшін ибупрофенді қолдану;
4. Токсин рецепторларының блокаторларын, грамтеріс бактериялардың липополисахаридтеріне қарсы антиденелерді пайдалану;
5. Емнің басталуынан 10-12 сағаттан соң антикоагулянттық терапияны қолдану (гепарин, кибернин, жаңа мұздатылған плазма).
Нурсауле Козытаевна АБУОВА,
анестезиолог-реаниматолог дәрігер,
“Қызылорда қалалық ауруханасы” ШЖҚ МКК
Сурет zabolevaniya24.ru сайтынан алынды
|