Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Қан кету: шұғыл шаралар

Қан ұюға қабілет сияқты аса маңызды қорғаныстық қасиет иеленеді, соған байланысты кез келген аздаған қан кету тұтқиылдан өзінше тоқтайды. Ұю қабілеті төмендегенде қан ұюы баяулайды, жоғары қан кету қауіпі туындайды.
Қай жерден қанның кеутіне байланысты қан ағудың мынадай түрлері болады:
- тінішілік;
- сыртқы;
- ішкі.
Сондай-ақ зақымданған қан тамыр түрлеріне байланысты:
- капиллярлық;
- веноздық;
- артериалды;
- паренхиматоздық қан кетулер ажыратылады.
Шұғыл шаралар
Көп қан жоғалтқан адамды, егер бұл кезде шұғыл шаралар дер шағында және сауатты қолданылса аман алып қалуға болады.
Біріншіден, қан өз бетінше тоқтамаса, қан ағуын тоқтату қажет. Қан ағу тоқтағанда жараға басып тұратын таңу жасалады.
Екіншіден, зардап шегушіні тегіс жерге жатқызады, егер ол естен танса, оның басын денесіне төмен күйде орналастырады. Кейбір жағдайларда жатқан зардап шегушінің қол-аяқтарын жоғарылатады. Бұл кезде өкпеге, миға, бүйрекке және басқа өмірлік маңызды ағзаларға уақытылы қан келуі көбейеді. Құрсақ қуысында зақымдану болмағанда және пациенттің есі сақталғанда оған ыстық шәй, минералды немесе жәй су ішкізуге болады.
Терминалдық жай-күйде және жүрек тоқтағанда жүрекке жанама массаж (ЖЖМ) жасау тәсілімен тірілту жүргізіліп, зардап шегушіні тезірек емдеу мекемесіне жеткізу керек.
Қан тоқтату үшін қан ағу түрлеріне байланысты шаралар түрі өзгеріп тұрады. Капиллярлық қан кеткенде басып таңу, ірі қан тамырларынан қан кеткенде аяқ пен қолға бұрама қою, қол мен аяқты буында барынша ию, қан тамыр бойымен қысу және т.б. әдістер қолданылады.   
 
 

Галымжан Иманайулы ШАКИРОВ,
анестезиолог-реаниматолог дәрiгер,
“Қызылорда қалалық ауруханасы” ШЖҚ МКК

Сурет zdorovye24.ru сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (05.02.2015)
Просмотров: 1616 | Теги: ЖЖМ, шакиров, галымжан, қан ағу, қан тоқтату | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]