Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Психобелсенді заттар (ПБЗ) туралы түсінік

Ғылыми және арнайы әдебиеттерде психобелсенді затардың (ПБЗ) және есірткілік заттардың бірнеше анықтамалары бар.
Психобелсенді заттар деп адамның психикалық жай-күйін өзгертуге қабілетті және эйфория (жоғары эмоционалдық жай-күй), галлюцинациялар, психикалық ынталану мен басқа феномендерді шақыра алатын бұйымдар түсініледі.
Осылайша, ПБЗ-ға төмендегі заттар мен бұйымдарды немесе аддиктивті заттарды жатқызуға болады:
1. Темекі – темекі бұйымдарының барлық түрлері.
2. Шәй – чифир түрінде, қою кофе.
3. Алкоголь – алкогольдік ішімдіктердің барлық түрлері, оның ішінде әлсіз алкогольді сусындар (сыра, джин-тоник және с.с.).
4. Есірткілер – медициналық емес мақсатта тұтынылатын бұйымдар, есірткілік заттар.
5. Дәрігердің нұсқауынсыз қолданылған дәрілік препараттар.
6. Ұшпалы уытты заттар, тұрмыстық және өнеркәсіптік химиялық уытты бұйымдар.
ПБЗ-ды шектен тыс тұтыну – бұл теріс (негативтік) медициналық және әлеуметтік зардаптар иеленетін психобелсенді заттарды дәрігер нұсқауынсыз бірнеше мәрте қолдану.
Егер ПБЗ-ды шектен тыс қолдану жиілігі мен ұзақтығы бойынша белгілі бір шекарадан асып кетсе, ал бұл ПБЗ-тың түріне байланысты, онда ауыртпалы тәуелділіктің қалыптасқаны туралы, яғни психикалық тәуелділік жөнінде айтады, одан соң кеселге жетелейтін физикалық тәуелділік пайда болады.
Кейбір кең тараған ПБЗ жетелейтін жағдайлар:
- темекі бұйымдарын шектен тыс тұтынғанда – шылымқорлық;
- қою шәйді шектен тыс тұтынғанда – чифиризм;
- алкогольді ішімдіктерді шектен тыс тұтынғанда - араққорлық (алкоголизм);
- есірткі бұйымдарын шектен тыс тұтынғанда – нашақорлық (наркомания);
- уытты заттарды шектен тыс тұтынғанда – уытқұмарлық (токсикомания).    

Гулаим Шариповна СЕЙЛХАНОВА,
дәрігер нарколог,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет shkolazhizni.ru сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (30.01.2015)
Просмотров: 3623 | Теги: джин-тоник, чифиризм, сейлханова, ПБЗ, гулаим, эйфория | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]