
Полиомиелит – мұрын-жұтқыншақтағы, ішектегі қабыну өзгерістерімен және салданудың (параличтің) дамуымен бірге нерв жүйесінің зақымдануымен сипатталатын жедел жұқпалы кесел.
Дертті ағынды, хлорланған суда, сүтте ұзақ сақталуға қабілетті полиовирустар шақырады. Полиовирустардың негізгі резервуары мен көзі адам болып табылады. Оның жұғуы көбіне ештеңемен білінбейді. Сыртқы ортаға вирус нәжіспен бөлінеді.
Жұғу лас қолдар, вируспен залалданған су мен азық-түліктер арқылы өтеді.
Кеселге жаздық-күздік маусымдық тән. Басым бөлікте балалар ауырады. Полиомиелитпен науқастылық тұрғындарды тұрақты вакцинациялауды жүзеге асыруға байланысты болады.
Адам организміне вирус мұрын-жұтқыншақ пен асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығы арқылы өтеді, олар сонда көбейеді, қанға енеді және бүкіл организмге таралады. Науқастардың көбісінде вирусқа организмнің иммундық жүйесі әсер етіп, сауығу туындайды.
Кейбір науқастарда кесел осымен аяқталмайды, керісінше орталық нерв жүйесінің зақымдануы өтеді.
Дерттен кейін тұрақты иммунитет дамиды.
Кеселдің инкубациялық кезеңі 2 күннен 35 тәулікке дейін созылады. Ол дәмкәстанудан, дене температурасының аздап көтерілуінен, түшкіруден, көмейдегі жыбырлаудан, 2-3 күн бойына стулдың бұзылуынан басталады.
Одан соң адам сауыққан сияқты болады. Алайда 2-4 күннен соң дене температурасы қайтадан 39-40оС-ге дейін көтеріледі, бас ауруы, құсу, ұйқы басу, арқа мен қол-аяқтардағы ауыру, құрысулар пайда болады. 4-5-ші күні кенеттен бір немесе екі аяқтың салдануы дамиды. Қолдың және тыныс алу мускулатурасының өлім нәтижесімен бірге параличтің дамуы мүмкін.
Урак КЕУБАСОВ,
инфекционист дәрігер,
"Амбулаториялық-емханалық қызметi бар
Қазалы аудандық орталық ауруханасы" ЖШҚ МКК
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
Сурет lechenie-simptomy.ru сайтынан алынды
|