Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Орта дәрежелі мастанудың клиникасы

Уыттанудың (интоксикацияның) бұл дәрежесінде психикалық аумақта анық білінетін өзгерістер байқалады. Жай-күйдің ауырлығының бұл дәреже шеңберінде екі фаза ажыратылады: дистимиялық және атаксикалық.
Дистимиялық фазаға алкогольдік уыттанудың психопатологиялық симптомдарының басым болуы, ал атаксикалық фазаға организмнің моторлық бағдарлану көрсеткіштерінің өзгеруі тән.
Мастанудың орта дәрежесі орташа 300 мл арақтан немесе коньяктан, 1000 мл шараптан дамиды.
Мастану тереңдеген шамада бағыт алу бұзылады. Егер уақыт пен  кеңістікте бағыт алу өзгермесе, онда ағымдағы жағдайдың ұсақ-түйектерін, онда ағымдағы жағдайдың өзекті өзгерістерін бағалау елеулі бұзылған. Мастықтан айыққан соң оқиғалар амнезияға ұшырамайды. Абайлау сезімі, өзін сақтау инстинкті айқын бұзылады.
Болған оқиғалардың реттілігін дәл еске түсіру түрінде білінетін жадтың жеңіл бұзылысы анықталады. Мас адамның зейіні тек сұрақты бірнеше рет қайталаған соң аударылады.
Әңгімені басқа тақырыпқа мақсатты аудару реттілігі елеулі қиындайды. Мінез-құлықты еріктік бақылау нашарлайды. Жүгенсіздік, ызалану, дөрекілік, импульсивтілік, тиісу, секемшілдік пайда болады.
Көңіл-күй фоны тұрақсыз, көтеріңкі көңіл-күй төмендеумен алмасады, ауытқу амплитудасы анық білінеді. Эмоционалдық біліністер утрирленген, гиперболизирленген. Бос уайымсыздық пен көңілдену ашуланумен, ызаланумен, тұрақты ренжумен алмасады.
Қабылдау кататимдік өзгерген, ағымдағы эмоционалдық фонға байланысты. Айналадағы жағдай сұр, сондай-ақ түрлі-түсті реңде қабылданады.
Ассоциативтік үдеріс елеулі өзгереді. Ойлау беткейліден ретсіздікке дейін ауытқиды. Интеллектуалдық әрекет өнімсіз.
Сөзі елеулі бұзылады: монотонды, персеверациялар, ырғақты жоғалту, шатақ шығару, сөзді бұзу, екпінінің баяулауы.
Қозғалысы ебедейсіз, жүрісі теңселулі, аяғы шалысады, берік емес. Ромберг позасында тұрақсыз. Тамыр соғысы минутына 100-110 соғуға дейін жиілейді. Сілекей мол ағады, ықылық, құсу байқалады.

Жанна Бахтияровна САХОВА,
нарколог дәрігер,
диспансерлік бөлім меңгерушісі,
“облыстық наркологиялық орталық”
МКҚК

Сурет alko03.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (25.02.2015)
Просмотров: 1085 | Теги: Ромберг позасы, Жанна, персеверациялар, орта дәрежелі мастану, сахова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]