Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Омыртқа остеохондрозы. Омыртқааралық дискінің протрузиясы

Омыртқааралық дискінің протрузиясы – бұл омыртқа остеохондрозының диск ішіндегі затының көршілес омрытқалардың денесінің шегінен томпиып шығу білінісі. Бұл омыртқаның бел бөлігі үшін 5 мм-ге дейін және мойын бөлігі үшін 2 мм-ге шейін жетеді. Мұнда дискінің пульпоздық ядросын қоршаған фибриноздық сақинаның тұтастығы сақталады.
Омыртқааралық дискінің кез келген протрузиясы бұрыс емделгенде омыртқаның үлкен жарығына айналуы мүмкін. Диск протрузиясы көптеген адамдарда бар, бірақ олар бәрінде ауыруға жетелемейді. Емді шұғыл бастау қажет.
Пайда болу себептері: омыртқаның жарақаттық зақымдануы мен босану жарақаттары, әсіресе жиі симптомсыз өтетін омыртқаның мойын бөлігінде. Бұл бой түзілісінің бұзылысы.
Егер екі көршілес омыртқа бір-біріне салыстырмалы иілсе, онда олардың арасында орналасқан омыртқааралық диск ассиметриялық қысымды сезінетін болады. Мұндай қысым нәтижесінде дискінің бір бөлігі томпиып сыртқта шығады, фиброздық сақина созылады. Көбіне мойын және бел дискілерінің протрузиялары пайда болады.
Симптомдары: қол саусақтары мен аяқ башпайларының ауыруы мен ұюы, шаншып ауыру, “жыбырлауы”, иннервация аумағындағы тері жамылғыларының түсінің және ылғалдылығының өзгеруі, кейбір жағдайларда протрузия бас айналу мен бас ауруына әкелуі мүмкін.
Емі: стероидты емес қабынуға қарсы бұйымдар (СЕҚҚБ), диклофенак, кеторал, кетонов, мовалис, ксефокам және т.б.; витаминдер: мильгамма, нейромультивит және с.с.; физиотерапевтік емнің әр түрлі тәсілдері, массаж және емдік дене шынықтыру (ЕДШ), рефлексотерапия мен гомеопаттық препараттарды қолдану (гомеопунктура).


Куралай Мырзамуратовна ИЛЬЯСОВА,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет grizhy.ru сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (04.02.2015)
Просмотров: 3434 | Теги: Куралай, омыртқа остеохондрозы, омыртқааралық дискінің протрузиясы, СЕҚҚБ, ильясова, ЕДШ | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]