Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Өкпе туберкулезінің нақтылануы (диагностикасы)

Өкпе туберкулезі туберкулездің кең тараған түрі болып табылады. Өйткені туберкулездің берілуінің негізгі механизмі ауалық-тамшылық, сол себепті микобактериялар бастапқыда өкпеге түседі.
Дәл осы туберкулездің өкпелік формасы бар сырқаттардың айналадағы адамдардың жұқпалануының негізгі көзі болып табылатынын түсінген жөн (бактерия бөлушілер).
Өкпе туберкулезі ұзақ уақыт белгісіз (симптомсыз) немесе аз симптомды өтуі және кеуде клеткасының рентгенографиясында, Манту сынамасын қойғанда кездейсоқ аңғарылуы мүмкін. Көбіне өкпе туберкулезінің симптомдарын бронхиттің, өкпе қабынуының (пневмонияның) немесе респираторлы вирусты инфекцияның (ЖРВИ) белгілерінен ажырату тым қиын. Негізгі қауіпті белгі симптомдардың ұзақ сақталуы және жоғарыдағы кеселдерді стандартты емдеу фонында жақсарудың болмауы.
Өкпе туберкулезінің негізгі симптомдарына мыналар жатады:
- қақырық, немесе қан бөлумен бірге жөтелу немесе жөткіріну;
- температураның 37-37,5оС-ге дейін ұзақ жоғарылауы;
- тез шаршау және әлсіздіктің пайда болуы;
- тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, салмақ жоғалту;
- арта түскен тершеңдік, әсіресе түнгі мезгілде;
- аздаған дене жүктемесінде ентігудің пайда болуы.
Бұл белгілердің тым болмаса бірі үш апта бойына сақталғанда тез арада терапевтке немесе фтизиатр дәрігерге қаралу керек.
Балаларда туберкулезді анықтауда Манту сынамасы басты рөл атқарады. Сондай-ақ микобактериялармен жұқпалануға күдік туғанда мынадай зерттеулер жүргізіледі:
- бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулерді өткізумен бірге қақырықты тексеру;
- өкпе рентгенографиясы;
- жалпы қан талдауы;
- қажет кезде өкпенің компьютерлік томографиясы (КТ) немесе магнитті-резонансты томографиясы (МРТ), бронхоскопия, бүйрек биопсиясы, омыртқа, буын рентгені, құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ) және т.б.     

Жұмагүл Байжігітқызы ҚАЗЫБАЙ,
І-ші санаттағы фтизиатр дәрігер,
диспансер бөлімінің меңгерушісі,
“Қазалы аудандық туберкулезге қарсы диспансер” КММ,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет www.amansaulyk.kz сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (07.05.2015)
Просмотров: 3248 | Теги: туберкулез, Кт, УДЗ, қазыбай, ЖРВИ, МРТ, жұмагүл | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]