Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ОБА (ЧУМА)

Оба (чума) – ауыр интоксикациямен, қызбамен, лимфа түйіндерінің және өкпенің зақымданумен сипатталатын жедел табиғи-ошақтық жұқпалы дерт. Ол аса қатерлі инфекция болып табылады.
Обаның қоздырғышы – оба таяқшасы. Жұқпа көзі – кеміргіштер (суырлар, құм тышқандары, балпақтар және т.б.), қояндар мен оларда болатын бүргелер.
“Қалалық”, “порттық” ошақтарда қоздырғыш көзі – егеуқұйрықтар, тышқандар, түйелер, иттер мен мысықтар болып табылады.  
Жұқпа тасымалдаушы – бүргелер. Бүргелер кеміргіштің мүрдесін тастап жаңа иесін іздеп адамға өтеді және оны жұқпаландырады.
Жұқпаның ауру қояндардың терісін сыпырғанда немесе ауру түйені сойғанда контақттық жолмен берілуі мүмкін.
Обаның өкпелік түрінде берілу механизмі – ауалық-тамшылық.
Адамның обаны қабылдауы аса жоғары.
Кесел жедел және тұтқиылдан, күшті қалтырап-дірілдеумен, дене қызуының 39-40оС-ге дейін күрт артуымен басталады. Қалтырап-дірілдеу ысумен алмасады. Алғашқы күндері күшті бас ауруы, бас айналу, күрт әлсіздік, ұйқысыздық, бұлшықеттердегі ауыру, жүрек айнуы, кейде құсу болады.
Кейбір науқастарда қозу, лағу білінеді. Науқастың жағдайы ауыр.
Зақымданған лимфа түйінінде қатты ауыру пайда болады. Кеселдің 2-3 күні ол алдымен аздаған қатаю түрінде сезіледі, одан соң лимфа түйінінің өлшемі ұлғаяды, елеулі ісіну (бубон) дамиды. Бубон көбіне шап және сан лимфа түйіндерінде, сирегірек қолтық асты және мойын аумағында пайда болады.
Ауалық-тамшылық жұқпалануда дерт тұтқиылдан қалтырап-дірілдеумен, күшті бас ауруымен, құсумен басталады. Бірнеше уақыттан кейін кеудеде тіліп ауыру, ентігу туындайды. Жөтел алдымен құрғақ, одан соң қақырық бөлінеді, кейде мол көлемде, қанның араласуы мүмкін.
Науқасты шұғыл түрде ауруханаға жатқызады. Дер кезінде басталған емде (алғашқы 15 сағат) кеселдің болжамы (прогнозы) жағымды.       

Урак КЕУБАСОВ,
инфекционист дәрігер,
"Амбулаториялық-емханалық қызметi бар
Қазалы  аудандық орталық ауруханасы" ЖШҚ МКК
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет www.bolshoyvopros.ru сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (03.05.2015)
Просмотров: 6648 | Теги: кеубасов, бубон, оба (чума), урак | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]