Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Никотинге тәуелділік

Темекі шекен адам, шарт бойынша мұны ұзақ уақыт, ал кейде өмір бойы жалғастырады.

Мұның негізгі себебі – никотинге тәуелділік. Никотин адамның психикалық жай-күйін өзгертіп, бүкіл денеге әсер етеді.
Никотин - өсімдік уларының ең күштісі, темекіге тәуелділік шақыратын психикалық белсенді зат. Шегілген сигареттен соң адам алаңдау сезімін бойдан кешіреді, одан соң босаңсу туындайды. Жүрек жиырылуының жиілігінің артуы және уақытша қан қыымының көтерілуі болады, кейде бас айналу, жүрек айнуы мен тәбет төмендеуі туындайды.
Никотиндік тәуелділік симптомдық кешенінің негізіне мыналар кіреді:
1) сигарет шегуге жабысқақ және бақыланбайтын әуестік;
2) никотинге тұрақтылықтың (толеранттықтың) артуы (психикалық және соматикалық қанағаттану жағдайына жетуге қажетті никотин дозасын көтеру);
3) никотинді тұтынуды тоқтатқанда пайда болатын абстиненттік синдром (никотинді күрт тиғанда адамда туындайтын психикалық, неврологиялық, вегетативтік және соматикалық бұзылыстардың бірлесіп келуі).
Шылымқорлық нәтижесінде мынадай кеселдер туындайды:
- тыныс алу жүйесінде (өкпенің созылмалы обструктивтік кеселі, өкпе эмфиземасы, бронхиалды астма, қатерлі ісіктер және т.б.);
- жүрек-қан тамыр жүйесінде (миокард инфаркті, гипертониялық дерт, жүректің ишемиялық ауруы және т.б.);
- ас қорыту жолдарында (қызыл иек пен тістің қабынулы және атрофиялық аурулары, қарын мен бүйеннің ойық жарасы, уытты гепатит, рак және с.с.);
- нерв жүйесінде (инсульт, инфаркт, полиневриттер, радикулиттер және т.б.);
- ұрпақ өрбіту аумағында (белсіздік, бедеулік, ұрықтың туа бітті ақаулары және т.б.).  

Ахылбек Нугуманович БАЙДИЛЬДАЕВ,
дәрігер нарколог,
№3 наркологиялық бөлімше меңгерушісі,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет www.nosmoking18.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (07.02.2015)
Просмотров: 1371 | Теги: байдильдаев, зардаптары, никотин, тәуелділік, ахылбек | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]