Наркоз адам өміріне қауіпті ме? Наркоз адамға зиянды әсер ете ме? Наркоз адам өмірін қысқарта ма? Дәл осы осындай және осы тақілеттес сұрақтарды кейде пациенттер мамандарға жиі қояды. Әрине, бұл сұрақтардың бәрі де аса маңызды және қызықты, алайда өкінішке орай оларға берілер түбегейлі жауап жоқ. Тек шынын айтқанда бір нәрсе айқын: наркоздың пайдасынан зияны басым; наркоз пациент өмірін ұзартудан гөрі қысқартуға бейім.
Кез келген анестезиолог іс біткен соң (постфактум) өзінде пациент үшін наркоздың қалай өткенін анықтай алады: жақсы немесе жаман деп. Жақсысы – бұл бәрі әдеттегі, үйреншікті режімде және ешқандай ұстамсыздықсыз өткен кезде: жүрек пен өкпе қанағаттанаралық жұмыс істеді, сондай-ақ анестезияның ешқандай асқынулары дамымады. Наркоздың жаман өтуі – бұл әлдене ойдағыдай болмаған кезде - әлде наркоздың анық асқынулары дамыды, әлде анестезия кезінде хирург пен пациентке байқаусыз, алайда анестезиолог байқаған жүрек пен өкпе қызметінде елеулі ауытқулар болып өтті.
Егер наркоз «жақсы» өтсе, мұндай анестезияның өмір ұзақтығына еш көлеңкесін түсірмейді деп сеніммен айтуға болады. Дегенмен, мұнда пациент денсаулығына басқа зиянды ықпалдар, мысалы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, шаш түсуі және басқалары сияқты болмайды деу қиын. Анестезия «нашар» өткенде оның пациент өмірінің ұзақтығына теріс әсерін жоққа шығару мүмкін емес.
Анестезиолог өзі өткізген анестезияның табысты атқарылғанын тек наркоздың айқын асқынулары тұрғысынан, онда да пациенттің клиникада болу шектеулі кезеңіндегі нақты уақыт аралығында ғана бағалай алады. Яғни, анестезиолог болып өткен анестезия туралы тек осы жердегіге және қазіргіге баға береді, анестезиолог пациенттің наркоздан соң тірі қалғаны немесе анестезияның ешқандай анық асқынуларының дамымағаны жөнінде тікелей және мүлтіксіз айта алады.
Өкінішке орай, ғылыми зерттеулер әзірше наркоздың зиянды немесе зиянсыз екені туралы түбегейлі тұжырым бере алмайды. Алайда, кейінгі кейбір зерттеу жұмыстары балалардағы наркоздың ықтималды зияндылығын көрсетуде және бұл анестезия соншалықты зиянсыз ба? деген тақырыпта терең ойлануға мәжбүрлейді.
Турасын айтсақ, наркоз зиянсыз емес және қауіпсіз емес деген пікірге жетелейді. Сонымен бірге кеселдің хирургиялық емнен бас тарту жағдайындағы зиян наркоз зиянынан жүздеген және мыңдаған есе қауіптірек екенін дұрыс түсіну қажет. Сондай-ақ наркоздың болуы мүмкін зияны мен қауіпінің өз ісіне мығым анестезиологта барынша азырақ болатыны ақиқат.
Рамазан Калиевич ЖУМАГАЛИЕВ
анестезиолог-реаниматолог дәрiгер,
“Қызылорда қалалық ауруханасы” ШЖҚ МКК
Сурет www.zdorovieinfo.ru сайтынан алынды
|