Ми нейроинфекциясы пациентке шұғыл медициналық көмек көрсетілуі қажет жай-күй. Бұл жерде орталық нерв жүйесінің қабығы (менингит) және тікелей ми заты зақымданады. Ем болмағанда ауыр зардаптарға және тіпті өлімге жетелеуі мүмкін. Кесел себептері – вирус, зеңдік организмдер және тіпті бактериялар. Қоздырғыштарға байланысты ми нейроинфекциясының симптомдары әр түрлі болуы мүмкін. Сондай-ақ мидың вирустық зақымдануы бастан өткізген герпестің немесе тұмаудың асқынулары болуы ықтимал.
Кесел көбіне құтыру вирусының немесе кене энцефалиті вирусының ену нәтижесі болып келеді. Мұндай кеселдер бас ауруымен, құсумен және қызбамен бірге жүреді. Дерт дамыған сайын салданулар (параличтер), естің адасуы, есіту және көру галлюцинациялары пайда болады.
Көптеген жағдайларда бактериалдық қоздырғыштар менингитті шақырып, ми қабығын зақымдайды. Мұндай кеселдер де дене қызуының қатты жоғарылауымен, бас ауруымен, жүрек айнуымен, құсумен бірге өтеді. Кейде теріде бөртпе пайда болады.
Ең қиын жағдай зеңдік жұқпа болып табылады, өйткені ол диагностикаға қиын көнеді. Зеңдік микроорганизмдер адам организміне тыныс алу жүйесі арқылы да, сондай-ақ құлақ арқылы да енуі мүмкін.
Зеңдік менингит иммунитеті әлсіреген, вирустық иммундық тапшылығы бар адамдарда барынша жиі нақтыланады.
Зеңдер адам организмінде ешқандай симптомдар шақырмай, мейлінше ұзақ өсіп-өнуі ықтимал. Тек кейбір сырқаттар бас ауруына, әлсіздікке және ұдайы шаршауға шағымданады. Дерт төмендеген иммундық жағдай фонында болады. Мұндай жағдайда температураның жоғарылауы, қатты әлсіздік, жиі уақытша естен тану, жоғары ызалану байқалады.
Емі:
Емдеу тәсілдері қоздырғыш табиғатына байланысты. Менингиттер мен энцефалиттер вирусқа қарсы және иммундық ынталандырушы бұйымдар көмегімен емделеді.
Куралай Мырзамуратовна ИЛЬЯСОВА,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет glinsk.com.ua сайтынан алынды
|